Қазақстандықтар орташа есеппен 75 жастан көп өмір сүреді

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына сәйкес, күтілетін өмір ұзақтығы негізгі ұлттық көрсеткіштердің бірі. Бұл құжат Президент Жарлығымен бекітілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өмір ұзақтығын арттыру бойынша Декомпозицияның екінші жылы жүзеге асырылып жатыр, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің даму жоспары мен өңірлердің даму жоспарлары іске асырылуда. 

Сонымен қатар «Ауылдық денсаулық сақтау жүйесін модернизациялау» ұлттық жобасы және 2026 жылға дейінгі денсаулық сақтау жүйесін дамыту тұжырымдамасы жүзеге асырылуда.

Декомпозиция аясында салалараралық және секторлық іс-шаралар жоспарланған, олардың мақсаты – халықтың өмір ұзақтығын арттыру.

Нәтижесінде, 2024 жылы күтілетін өмір ұзақтығы 75,4 жасқа жеткен (2023 жылы – 75,09 жас).

Дүниежүзілік банктің деректері бойынша Қазақстан өмір ұзақтығы көрсеткіші бойынша Орталық Азия елдері арасында көшбасшы болып отыр.

Сонымен қатар, БҰҰ Даму бағдарламасының 2025 жылғы Адам даму индексі бойынша Қазақстан 193 елдің ішінде 60-орынға көтеріліп, өткен жылмен салыстырғанда 7 позицияға алға шықты.

Халықтың қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылығы да өскен – 2024 жылы 41,9% болса, 2025 жылы 43,2%-ға жетті.

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.