Қазақстандық теннисшілер 2025 жылғы Уимблдон турнирінен қанша табыс тапты?

Әйелдер арасындағы 2025 жылғы Уимблдон турнирі аяқталды. Tengri Sport қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бұл турнирден қанша табыс тапқанын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

The Sun басылымының мәліметінше, турнирдің жалпы жүлде қоры шамамен 72,6 миллион доллар (37 миллиард 320 миллион теңге -еск.) болған.

Турнирді бірінші айналымда аяқтаған Юлия Путинцева 90 мың доллар, теңгеге шаққанда 47 миллион теңге табыс тапты.

Ал үшінші айналымға шыққан спортшыларға 206 мың доллардан, теңгеге шаққанда 107 миллион теңге берілді. Бұл сомаға 1/16 финалда жеңілген Елена Рыбакина да ие болды.

Айта кетейік, 2025 жылғы Уимблдон турнирінің жеңімпазы — Ига Швентек. Польша өкілі финалда америкалық Аманда Анисимованы ойсырата жеңіп (6:0, 6:0), шамамен 4 миллион доллар ұтып алды.

Әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко жартылай финалдағы матч кезінде қарсыласының әрекетіне шағымданды.

Сондай-ақ, қазақстандық теннисші Амир Омарханов Уимблдон жартылай финалында жеңілгенімен, өзінің жеке рекордын орнатты.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.