Қазақстандық оқушылардың жобасы әлем үздіктерінің қатарында: алматылық оқушылар NASA байқауында жеңіске жетті


Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің екі командасы NASA және АҚШ Ұлттық ғарыш қоғамы (National Space Society) ұйымдастырған Space Settlement Contest 2025 халықаралық байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

🥇Байқауға әлемнің 25 елінен 26 мыңнан астам оқушы қатысты. «YURT» жобасын ұсынған команданың құрамында алматылық оқушылар Анастасия Цой, Юлия Ким, Камила Ертісқызы және Ілияс Дәулет бар. Олар бірінші орынды иеленді. Команда Юпитердің орбитасымен қозғалып, оның Ганимед және Каллисто серіктеріне жақындай алатын автономды ғарыш станциясының жобасын таныстырды. 

🪐 Станция 30 мыңға жуық адам тұруға арналған, жасанды гравитация жүйесімен және толықтай дербес тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесімен жабдықталған.

🥈Екінші орынды тағы бір қазақстандық команданың «Икарус» жобасы иеленді. 45 мың тұрғынға арналған Ганимедтің төменгі орбитасында орналасқан ғарыш станциясын құрастырушылар — Табылды Асан, Темірбулатов Арман, Інкәрбек Сабыржан, Құзбакова Томирис, Жапаров Мұхидин,
Әлішер Бағдәулет, Берік Уәли, Нұрсұлтан Айсұлу, Таиров Арлан, Бақыт Аслан. Жетекшілері — 12 сынып оқушысы Әділет Сандықбаев.

🎯 Space Settlement Contest — мектеп оқушыларына арналған халықаралық жыл сайын өткізілетін байқау. Ол оқушылардың инженерлік ойлау қабілетін, креативтілігін және ғылымға ұмтылысын дамытуға бағытталған.

«АТА-АНАЛАР АКАДЕМИЯСЫ»: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАРҒА БІЛІМ МЕН ҚОЛДАУ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Senim Qogamy» қоғамдық...

ҚАЗАҚСТАНДА БОЛАШАҚ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАЙДЫ

Үйлену тойына әдетте жан-жақты дайындалады, оның ішінде шығындарды есептейді,...

АКАДЕМИЯ РОДИТЕЛЕЙ»: ЗНАНИЯ И ПОДДЕРЖКА ДЛЯ СЕМЕЙ КАЗАХСТАНА

Министерством культуры и информации Республики Казахстан совместно с ОО...

В КАЗАХСТАНЕ БУДУЩИХ СУПРУГОВ БУДУТ ГОТОВИТЬ К СЕМЕЙНОЙ ЖИЗНИ

К свадьбе обычно готовятся подробно, в том числе рассчитывают...

Сот саласындағы қазақ тілі

Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық...