Қазақстандық оқушылар BilimClass журналы арқылы мұғалімдерге виртуалды гүл шоқтарын сыйлай алады

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Оқушылар ұстаздарына виртуалды гүл шоқтарын тарту ете алады

Соңғы қоңырау қарсаңында отандық тегін BilimClass электрондық журналы ерекше акция ұйымдастырып жатыр. Енді мектеп оқушылары мен ата-аналар платформа ішінде мұғалімдерге виртуалды гүл шоқтарын жолдай алады.

BilimClass мәліметінше, мұндай виртуалды сыйлықтар — жыл бойы балаларға білім беріп, қолдау көрсеткен мұғалімдердің еңбегіне деген шынайы құрметтің белгісі. 

«Енді әрбір оқушы ұстазын жылдам әрі шығынсыз құттықтай алады. Гүл шоғын сыйлау үшін оқушылар мен ата-аналар BilimClass платформасындағы гүл белгішесін басып, мұғалімдерді таңдап, оларға жүрекжарды тілегін жазып жібере алады. Науқан 26 мамырға дейін жалғасады. Ол күні мұғалімдер барлық гүл шоқтарын алып, оқушыларынан келген хаттарды оқи алады», — дейді BilimClass өнім жетекшісі Фархат Үсен. 

BilimClass — қазақстандық тегін электрондық журнал. Платформа құрамына мектепті басқару жүйесі, оқу контенті, әдістемелік талдау және терең аналитика да кіреді. Жүйе толықтай отандық және пайдаланушы деректерінің қауіпсіздігі мен құпиялығына кепілдік береді. Бүгінгі платформаны Қазақстанның 13 өңірінде 2,2 миллион оқушы мен 300 мыңнан аса мұғалім қолданады.

Платформаны цифрлық білім беру технологиялары саласында 15 жылдан аса қызмет етіп келе жатқан Bilim Group IT холдингі әзірлеген. Бүгінде компания экожүйесіне OnlineMektep, BilimLand, BilimKids, BilimUstaz, Kitap.kz, SmartNation және өзге де өнімдер кіреді.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...