Бьюти-шебер Ильвира Сарсекбаева Мәскеуде массаж жасаудан өткен халықаралық чемпионатта жоғары шеберлігін көрсетті. Чемпионат желтоқсан айында (2017) И.В.Радченконың жетекшілігімен Ұлттық массаж жасаушылар федерациясы аясында өтті. Жарыс қорытындысында отандасымыз «Бет массажы» аталымы бойынша 2 орын алып, қазақстандық мамандардың жоғары кәсібилігі мен дайындығын паш етті.
Чемпионатқа Ресейдің 17 өңірі мен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Литва, Болгария, Украина, Италия, Латвия және Румынияны қосқанда 11 елден 300 адам қатысты. Қатысушылар арасында әлі тәжірибе жинақтап жүрген массаж жасаушылар мен косметолог-эстетистер де, сонымен қатар оқытушылар мен халықаралық деңгейдегі төрешілер және сала сарапшылары да болды.
Айта кетерлігі, іс-шара мерекелік форматта өтіп, оған денсаулығын күтуде косметология мен SPA-қызметтерді пайдалану қалыпты жағдайға айналған адамдар да келді. Чемпионатқа сонымен қатар РФ мемлекеттік мекемелері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, әлеуетті жұмыс берушілер де қатысуға мүмкіндік алды.
Жарыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші күні классикалық, медициналық, спорттық, шығыс және бет массаждарын қоса алғанда бірнеше аталымдар бойынша байқау бағдарламасы өтті. Бұл жерде түрлі елдерден келген 270-тен астам массаж жасаушы өзара бақ сынасып, оларға халықаралық сарапшылар төрелік етті.
Екінші күні кәсіби қоғамдастықты дамытуға, құқықтық, оңалту мәселелеріне арналған тақырыптық секциялардан тұратын Массаж технологиясы форумы өтті. Бүкіл чемпионат кезінде қатысушылар мен қонақтарды қалпына келтіретін арнайы жабдықталған аймақ істеп тұрды.
Ильвира Сарсекбаева кәсіби жоғары деңгейін көрсетіп, финалға өтті. Бұл туралы бөлек айту керек, себебі соңғы кезеңде қатысушыларға 65 минут бойына төрешілердің өздеріне массаж техникасын жасау керек болды. Олар шеберлердің жұмысын өзінің кәсіби тәжірибесі мен жеке сезінуіне қарай бағалады.
Барлық кезеңдердің нәтижесі бойынша қазақстандық әйел екінші орын алды.
«Тек өзім үшін ғана емес, намысын қорғап шыққан елім үшін да үлкен жауапкершілікті сезіндім. Мұндай чемпионаттарға қатысу – үлкен мектеп, ішкі күшің, кәсібилігің және беріктігіңді тексеретін емтихан тапсырып жатқандай боласың. Машықтарыңды жоғары деңгейге дейін шыңдайсың, әйтпесе жеңу мүмкін емес. Мінезімде табандылық пен қайсарлық болғандықтан мен жеңісті ғана көздедім. Содан ләззат аласың, ол сезімді басқа ештеңемен салыстыруға келмейді. Сол саған одан әрі өсіп, дамуға күш-жігер беріп, ынталандырады, — деп, әсерін айтты лауреат атанған Ильвира Сарсекбаева.
Бьюти-шебердің пікірінше, мұндай байқаулар мамандардың жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетіп қана қоймай, өзара тәжірибе алмасып, халықаралық ынтымақтастыққа жол ашатын кәсіби қоғамдастық қалыптастыруға септік етеді.