Қазақстанда вице-президенттің қызметі қандай болады?

Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Ержан Жиенбаев Вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістерге тоқталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Вице-Президентті жалпы депутаттар санының көпшілік дауысымен білдірілген Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындайды.
 
Вице-Президентті қызметінен Президент босататын болады.

Вице-Президент:

  • Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастардағы мүдделерін білдіреді;
  • Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Президенттің атынан өкілдік етеді.

Сонымен қатар, Вице-Президент Қазақстан Республикасы Президенті атынан Қазақстан Республикасының және шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен қарым-қатынас орнатады.

Вице-Президенттің өзге де өкілеттері Президентпен айқындалады. Вице-Президент институтының енгізілуіне байланысты Конституциядан Мемлекеттік кеңесші туралы нормалар алынып тасталады.

«Конституция деңгейінде Вице-Президентке қойылатын талаптарды көздеу қажет. Вице-Президент өкілді органның депутаты болмауға, өзге де ақылы лауазымдарды атқармауға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмауға тиіс. Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде Вице-Президент саяси партияның мүшесі болмауға тиіс», — деді ол. 

Мұндай тәртіп саяси бәсекелестікті арттыруға және барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымға сәйкес келеді.

Мұнай бағасының құбылуы: Қазақстанда дайын сценарий бар – вице-министр  

АҚШ пен Иран арасындағы жағдайдың шиеленісуі және әлемдік мұнай бағасының құбылмалылығы аясында Қазақстан мұнай-газ саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр.

Мұғалімдерге арналған өзгеріс: Енді тестті кім тапсырып, кім тапсырмайды? 

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогтердің пәндік біліктілігіне арналған тестке қатысты қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселені түсіндірді.

2026 жылғы Қазақстанның ең табысты мамандықтары: Кімге көп жалақы төленеді? 

2026 жылдың наурыз айындағы Enbek.kz деректері еңбек нарығындағы қызықты тенденцияны көрсетті. Жұмыс берушілердің ұсынысы мен жұмыс іздеушілердің амбициясы арасында айтарлықтай алшақтық бар. Бүгінгі таңда жоғары жалақы тек мұнай секторымен шектелмейді, ол басқарушылық және жоғары технологиялық салаларға қарай ойысқан.

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1577-ге жетті 

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 1577-ге жетті.

Ақтөбе облысының әкімі әкімдік ғимаратындағы өртке байланысты мәлімдеме жасады

Әкімнің сөзінше, кеше облыстық әкімдік ғимаратында болған өрт толық сөндірілген, жағдай тұрақты, бақылауда.