Қазақстанда тарифтердің өсуі жалғасады — Олжас Бектенов

Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуі тоқтаған жоқ және ол жалғасады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін ҚР Үкіметінде премьер-министр Бектеновтың қатысуымен Министрлер кабинеті басшылығының брифингі өтіп жатыр.

Tengrinews.kz тілшісі қазақстандықтарды толғандырған сұрақты қойды:

«Үкімет инфляциямен күресу үшін кейбір коммуналдық қызмет тарифтерінің өсу мерзімдерін кейінге шегерді. Алайда қазақстандықтар жаңа Салық кодексі бағаға қалай әсер ететініне көбірек алаңдайды. Бұл құжат инфляцияны одан сайын күшейтіп, шағын және орта бизнесті тұншықтырмай ма?», – деп сұралды Бектеновтен.

Премьер бұл сұрақ «халықты қатты алаңдататынын» айтты.

«Тарифтерге келетін болсақ, олардың өсімі тоқтатылды дедіңіз. Шындығында, бұл олай емес. Тарифтердің өсімі тоқтатылған жоқ. Бүгінгі мүмкіндікті, осы платформаны пайдалана отырып, тарифтердің өсуі жалғасады деп айтқым келеді. Бұл ауыр, жағымсыз мәселе, бірақ үкімет бұл туралы ашық айтып, тарифтерді нарыққа жеткізу саясатын жүргізіп жатыр», — деді ол.

Оның айтуынша, тарифтер өте ұзақ уақыт бойы шектен тыс реттеліп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа инвестиция салуға мүлде мүмкіндік бермеген. Бұл жағдай 2022-2023 жылдары Екібастұз, Риддер және басқа да қалаларда апаттар  болған жағдайға әкелді.

«Қыста үйде жылу, электр, су, басқа да инженерлік желілер жақсы жұмыс істесін десек, тарифтерді көтеру жолына түсеміз. Тарифтерді көтеру қадамын аздап қайта қарадық. Бірақ жалпы алғанда бұл саясат жалғаса береді», — деді Бектенов.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...