Қазақстанда саяси партияларды шетелдік қаржыландыруға тыйым салу ұсынылды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында комиссия мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов алдағы реформалардың негізгі басымдықтарына тоқталып, олардың ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

«Бүгін біздің көз алдымызда әлемдік тәртіп өзгеріп жатыр. Біз ұзақ жылдар бойы тұрақтылық пен болжамдылықты қамтамасыз еткен халықаралық құқық нормаларының әлсіреп жатқанын көріп отырмыз. Әлем күннен күнге тынышсыз және болжауға келмейтін болып барады», – деп атап өтті ол.

Марат Башимовтың сөзінше, сыртқы тұрақтылық мықты ішкі негізсіз мүмкін емес, сондықтан Қазақстанда конституциялық орнқтылықты қамтамасыз ету ерекше мәнге ие болып келеді.

Маңызды қадамдардың бірі ретінде ол бір палаталы Парламентке көшу деп көрсетті, бұл жоғары өкілді органның жұмыс тиімділігін арттырады деп күтілуде. Бұдан басқа депутат шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ шетелдік қатысуы бар отандық заңды тұлғалардың саяси партияларды қаржыландыруына жол бермеу маңызды екенін атап өтті.

«2026 жылғы конституциялық реформа адамның маңызды екенін, мемлекеттік саясаттың ортасында нақты адам, оның құқықтары, бостандықтары мен қадір-қасиеті тұратын бағытты жалғастырады. Құқықтар мен бостандықтар адамға туа беріледі, олар мемлекет тарапынан берілмейді. Реформаның негізгі мақсаты – азаматтардың конституциялық құқықтарын нақты қорғауды қамтамасыз ету және мемлекеттік басқару сапасын арттыру», – деп қосты Марат Башимов.

Реформаның негізгі бағдарларын атап өтерде, ол Ұлттық Құрылтайда Президент жариялаған жалпыұлттық құндылықтарды атады: тәуелсіздік пен патриотизм, бірлік пен ынтымақтастық, әділеттілік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық, кәсібилік, жаңашылдық пен шығармашылық.

Марат Башимовтың пікірінше, конституциялық реформа Қазақстанның прогрессивті дамуына жағдай туғызады, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтады, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді.

Адамға бағдарланған мемлекет тұрақтылық кепілі

Адамға бағдарланған мемлекет қағидаты халық мүддесіне қызмет ету арқылы...

Ахмет – ұлттың ұстазы және халық жанашыры

Сан қилы салада еңбек еткен Алаш арыстарының саны өте...

Сот отырысының хатшысы — сот төрелігін жүзеге асырудағы негізгі фигуралардың бірі

Сот төрелігін жүзеге асыру — мемлекетте заңдылық пен әділдікті...

Сот практикасы арқылы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау

Конституция — мемлекеттің басты құқықтық тірегі әрі азаматтардың бостандықтары...

Ұлт ұстазы –Ахмет Байтұрсынұлы

Кешегі Абай мен Ыбырайдың жалғасы, Шоқан салған ағартушылық жолды,...