spot_img
spot_img

Қазақстанда саяси партияларды шетелдік қаржыландыруға тыйым салу ұсынылды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында комиссия мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов алдағы реформалардың негізгі басымдықтарына тоқталып, олардың ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

«Бүгін біздің көз алдымызда әлемдік тәртіп өзгеріп жатыр. Біз ұзақ жылдар бойы тұрақтылық пен болжамдылықты қамтамасыз еткен халықаралық құқық нормаларының әлсіреп жатқанын көріп отырмыз. Әлем күннен күнге тынышсыз және болжауға келмейтін болып барады», – деп атап өтті ол.

Марат Башимовтың сөзінше, сыртқы тұрақтылық мықты ішкі негізсіз мүмкін емес, сондықтан Қазақстанда конституциялық орнқтылықты қамтамасыз ету ерекше мәнге ие болып келеді.

Маңызды қадамдардың бірі ретінде ол бір палаталы Парламентке көшу деп көрсетті, бұл жоғары өкілді органның жұмыс тиімділігін арттырады деп күтілуде. Бұдан басқа депутат шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ шетелдік қатысуы бар отандық заңды тұлғалардың саяси партияларды қаржыландыруына жол бермеу маңызды екенін атап өтті.

«2026 жылғы конституциялық реформа адамның маңызды екенін, мемлекеттік саясаттың ортасында нақты адам, оның құқықтары, бостандықтары мен қадір-қасиеті тұратын бағытты жалғастырады. Құқықтар мен бостандықтар адамға туа беріледі, олар мемлекет тарапынан берілмейді. Реформаның негізгі мақсаты – азаматтардың конституциялық құқықтарын нақты қорғауды қамтамасыз ету және мемлекеттік басқару сапасын арттыру», – деп қосты Марат Башимов.

Реформаның негізгі бағдарларын атап өтерде, ол Ұлттық Құрылтайда Президент жариялаған жалпыұлттық құндылықтарды атады: тәуелсіздік пен патриотизм, бірлік пен ынтымақтастық, әділеттілік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық, кәсібилік, жаңашылдық пен шығармашылық.

Марат Башимовтың пікірінше, конституциялық реформа Қазақстанның прогрессивті дамуына жағдай туғызады, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтады, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді.

Ермахан Ибрайымов: «Шынайы патриотизм – бос ұран емес»

Құрметті достар! Бүгінде елімізде Конституциялық реформа жобасы бойынша кең көлемді...

Бір наркозбен екі операция: АККА дәрігерлері ана мен сәбидің денсаулығын сақтап қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы дәрігерлері жүктіліктің 38-аптасында жатқан пациентке...

Две операции — один наркоз: в АМКБ спасли здоровье матери и ребенка

В Алматинской многопрофильной клинической больнице врачи провели сложную симультанную...

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ САБАҚТАСТЫҚ МҰРАСЫ

Қазақстан халқы 15 наурызда жаңа Конституцияға референдум арқылы дауыс...

АУМАҚТАН ТЫС СОТТЫЛЫҚ: ӘКІМШІЛІК ӘДІЛ СОТТАҒЫ ТӘЖІРИБЕ

Қазақстанда азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік органдармен дауларын әділ және...