Қазақстанда педофилдерге қатысты кастрация жаңа ереже бойынша жүргізіледі

Қазақстанда сотталғандарға химиялық кастрацияны қолдану ережесіне өзгерістер енгізілмек, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылар алдында сотталғандарға химиялық кастрацияны қолдану тәртібін өзгертпек.

Не өзгереді?

Жаңа бұйрық жобасына сәйкес, сексуал сипаттағы қылмыс жасаған сотталғандарға химиялық кастрация бостандыққа шығардан алты ай бұрын тағайындалады.

Бұл ретте сотталған адамның психикалық ауытқулары мен сексуал зорлыққа бейімділігін анықтау үшін босатылуына он екі ай қалғанда сот-психиатриялық сараптама тағайындау туралы материалдар сотқа жіберілуге тиіс.

Бұйрық жобасы нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды және 2025 жылғы 18 тамызға дейін көпшілік талқылауына ұсынылған.

Еске салайық, Қазақстанда педофилдерге қолданылатын 8 жылдық әкімшілік бақылаудың орнына өмір бойғы бақылау енгізу ұсынылған. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, рецидив қаупі болса, бұл бақылау әр алты ай сайын сот шешімімен ұзартылып отырады.

Мұндай бақылау аясында келесі шектеулер қарастырылған:

  • мектептер мен балалар мекемелеріне баруға тыйым;
  • түнгі уақытта үйден шығуға шектеу;
  • басқа да шектеулер.

Бұл шара балаларды қорғау және қайталап жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында қолға алынып жатыр. 

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.