Кез келген елде мемлекеттік сатып алу отандық бизнесті қолдаудың маңызды тетігі саналады. Мемлекеттік тапсырыс арқылы шағын және орта көлемдегі кәсіпорындар тұрақты сауда-саттықты жолға қойып, өндірісті дамытуға мүмкіндік алады. Өз кезегінде атқарушы билік органдары бағалық артықшылықтар мен конкурстарға қатысудың жеңілдетілген рәсімдерін қоса алғанда, отандық өндірушілерге қажетті преференциялар беріп, жаңа жұмыс орындарын локализациялау мен ашуға ынталандырады. Бұл тәсіл кәсіпкерліктің өсіміне әсер етумен қатар еліміздің экономикалық орнықтылығын нығайтып, ішкі нарықты импорт тәуелділігінен арылтады.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы отандық кәсіпкерлерге жайлы жағдайлар жасау мен ішкі өндірісті ынталандыруға бағытталған. Айталық, қолдау құралдарының бірі қазақстандық компаниялар үшін нақты преференциялар беру болып саналады. Мәселен, мемлекет есебінен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде отандық өнімге басымдық беру көзделген. Бұл Қазақстан өндірушілеріне конкурстық рәсімдерде айтарлықтай артықшылық беріп отыр. Сонымен қатар заңда бизнестің міндеттемелерді уақтылы орындауы үшін тұрақты қаржылық ресурстарға ие болуына мүмкіндік беретін 30% мөлшеріндегі авансты міндетті түрде төлеу талабы бекітілді.
Сондай-ақ ОТӨ келісімшарттың орындалу мен аванстық қамтамасыз ету сынды қамтамасыз етудің барлық түрінен босатылып отыр. Тұрақсыздық айыбы туындаған жағдайда олардың мөлшері келісімшарттың жалпы сомасынан 3% аспайтын көлеміне дейін азайтылды. Аталған амал отандық ұйымдарға мемлекеттік сатыпалымға қатысуды анағұрлым қолжетімді етіп, белгілі бір сын-қатерді төмендетеді. Нәтижесінде бұл шаралар бизнестің қаржылық тұрақтылығын арттырып қана қоймай, өнеркәсіп әлеуетін дамытып, жұмыспен қамту көрсеткішін жақсарту мен Қазақстан экономикасының нығаюына ықпал етеді.
Қазір ұлттық режімнен алып тастауды белгілейтін ҚР Үкіметінің 6 қаулысы қолданыста. Олар тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің 4 834 атауын қамтиды, соның ішінде:
жеңіл өнеркәсіп тауарлары (19.02.2024ж. №99 ҚР ҮҚ);
машина жасау, химия, құрылыс өнеркәсібі тауарлары және азық-түлік тауарлары (16.03.2024ж. №191 ҚР ҮҚ);
жиһаз және машина жасау өнімдері (16.03.2024ж. №190 ҚР ҮҚ);
бағдарламалық қамтамасыз ету және электронды өнім (20.03.2024ж. №207 ҚР ҮҚ);
қан алу жүйесі (ветеринарлық) (07.06.2024ж. №447 ҚР ҮҚ);
А3 және А4 форматындағы қағаз (07.10.2025ж. №824 ҚР ҮҚ).
Бұдан басқа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңда отандық кәсіпорындардың өнімдерін кепілдікпен алуды қарастыратын офтейк-келісімшарттар жасасу тетігі көзделген.
Отандық бизнесті қолдауды одан әрі күшейту мақсатында биыл 24 маусымда Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізіліп, соған сәйкес:
аванс мөлшерін 30% 50% дейін ұлғайту;
жеткізудің ең төменгі мерзімін күнтізбелік 15 күннен 60 күнге дейін ұзарту;
төлем мерзімін 30 күннен 10 жұмыс күніне дейін азайту қарастырылған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде отандық өндірушілермен арадағы әріптестіктің көлемі айтарлықтай өскені байқалды. Мәселен, 2025 жылы жалпы сомасы 397 млрд теңгеге 138 702 келісімшарт жасалды. Ал былтырғы кезеңде 199 млрд теңгеге 107 658 келісімшарт жасалған еді.