Қазақстанда орташа жалақы 429 мың теңгеден асты

Қазақстанда жұмыспен қамтылған халық саны 9,7 миллионнан асты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің редакциямызға берген жауабында айтылған.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының еңбек нарығына қатысты 2025 жылдың III тоқсаны бойынша жариялаған деректеріне сәйкес, елдегі жұмыс күші саны 9 778 691 адамды құрайды. Оның ішінде 7 155 420 адам жалдамалы қызметкер ретінде еңбек етеді.

2025 жылдың III тоқсанында республика бойынша орташа айлық жалақы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға өсіп, 429 368 теңгеге жеткен, — делінген министрліктің жауабында.

Сонымен қатар, жалақының медианалық мөлшері 302 584 теңгені құраған. Бұл көрсеткіш ел азаматтарының жартысы осы сомадан төмен, ал жартысы одан жоғары жалақы алатынын білдіреді.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 85 000 теңге болып белгіленді. 2026 жылы да дәл осы көрсеткіш сақталып отыр.

Мұнай бағасының құбылуы: Қазақстанда дайын сценарий бар – вице-министр  

АҚШ пен Иран арасындағы жағдайдың шиеленісуі және әлемдік мұнай бағасының құбылмалылығы аясында Қазақстан мұнай-газ саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр.

Мұғалімдерге арналған өзгеріс: Енді тестті кім тапсырып, кім тапсырмайды? 

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогтердің пәндік біліктілігіне арналған тестке қатысты қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселені түсіндірді.

2026 жылғы Қазақстанның ең табысты мамандықтары: Кімге көп жалақы төленеді? 

2026 жылдың наурыз айындағы Enbek.kz деректері еңбек нарығындағы қызықты тенденцияны көрсетті. Жұмыс берушілердің ұсынысы мен жұмыс іздеушілердің амбициясы арасында айтарлықтай алшақтық бар. Бүгінгі таңда жоғары жалақы тек мұнай секторымен шектелмейді, ол басқарушылық және жоғары технологиялық салаларға қарай ойысқан.

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1577-ге жетті 

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 1577-ге жетті.

Ақтөбе облысының әкімі әкімдік ғимаратындағы өртке байланысты мәлімдеме жасады

Әкімнің сөзінше, кеше облыстық әкімдік ғимаратында болған өрт толық сөндірілген, жағдай тұрақты, бақылауда.