Қазақстанда мәжбүрлі неке қию әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Қазақстанда неке қиюға мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат Әбеновтың айтуынша, соңғы үш жылда Қазақстанда адамдарды еркінен тыс неке құруға мәжбүрлеуге қатысты 214 шағым тіркелген. Алайда олардың тек 10-ы ғана сотқа жеткен, ал жүздеген қылмыстық іс жабылып қалған.

«Қызды ұрлап кеткенін, көліктен секіріп кеткенін, оған күш қолданылғанын дәлелдесе де, ештеңе істей алмады», – деді Әбенов Мәжіліс кулуарында.

Депутаттар не ұсынады?

Парламент депутаттары жаңа түзетулер әзірледі, олар жақын арада Мәжілісте қаралатын болады. Бұл түзетулер «қалыңдық ұрлау» үшін жауапкершілікті көздейді. Ресми түрде бұл «неке қиюға мәжбүрлеу» деп аталмақ.

«Біз бұл түзетуді нақты әрі дұрыс атадық, барлық жағдайларды ескеріп жатырмыз. Қазір егжей-тегжейі нақтылануда, бірақ онда елеулі айыппұл қарастырылған. Әкімшілік жауапкершілікпен қатар, егер қыз 18 жасқа толмаған болса, не күш қолданылса, немесе қылмыс топпен жасалса – ол үшін 5–7 жылға дейін қылмыстық жаза көзделеді», – деді депутат.

Оның айтуынша, бұл норма 2025 жылдың соңына дейін күшіне енуі мүмкін.

Бұрын не айтылды?

Еске салайық, биыл ақпанда Мұрат Әбенов қалыңдық ұрлауға қылмыстық жаза енгізу бастамасын көтерген болатын. Ол кезде 3–5 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы айтылған. 2024 жылғы ақпанда Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Шымкентте қыз алып қашуға қатысты резонансты оқиғаға пікір білдіріп, күштеп некеге тұрғызылған қыздардың көбіне жыныстық, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырайтынын мәлімдеген еді.


Қазақстандықтар неке қиюға құлықсыз – статистика

Биылғы жылдың алғашқы үш айында Бірінші кредиттік бюроның мәліметі бойынша, Қазақстанда шамамен 22,5 мың неке тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға (яғни 4,3 мың некеге аз) төмен. Бұл – 2014 жылдан бері тіркелген ең төменгі деңгей. Тек 2020 жылғы COVID-19 шектеулері кезіндегі екінші тоқсандағы көрсеткіш төменірек болған еді – ол кезде небәрі 16,6 мың неке қиылған.

Ең көп азайған аймақтар: Алматы – 21 пайызға, Түркістан облысы – 19 пайызға.

Последнее слово – за избирателем

23 АВГУСТА В КАЗАХСТАНЕ СОСТОЯТСЯ ПЕРВЫЕ ВЫБОРЫ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ. ПОКА ПАРТИИ ПРОДОЛЖАЮТ АГИТАЦИЮ, ИЗБИРАТЕЛИ ПОЛУЧАЮТ ВОЗМОЖНОСТЬ СРАВНИТЬ ИХ ПРОГРАММЫ И ПОЗИЦИИ, А ЭКСПЕРТЫ ОЦЕНИВАЮТ ВОЗМОЖНУЮ ЯВКУ. ОДНОВРЕМЕННО ФОРМИРУЕТСЯ И СИСТЕМА НАБЛЮДЕНИЯ ЗА ГОЛОСОВАНИЕМ.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

2026 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады.

Ел аумағында бір тәулікте 8 орман өрті тіркелді 

Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады? 

2026 жылдың қыркүйек айында қосымша демалыс күндері болмайды. Қазақстанда бұл ай әдеттегі жұмыс кестесімен өтеді.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.