Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заң қабылданды

Сенат депутаттары Қазақстанда ЛГБТ-ны насихатына тыйым салуды көздейтін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әңгіме архив ісітері туралы заң жобасына енгізілген түзетулер туралы болып отыр. Аталған заң Еңбек кодексіне, сондай-ақ 12 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.

«Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау үшін жария кеңістік, сондай-ақ, масс-медиа, телекоммуникация желілері немесе онлайн платформалар арқылы педофилияны, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттайтын ақпараттар орналастыруа тыйым салу туралы нормалар қарастырылды», — деп жазылған мәліметте.

Қандай шектеулер енгізілмек?

Түзетулер күшіне енгеннен кейін елде әлеуметтік желілерде дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттауға тыйым салынады. Сондай-ақ, «дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттау» ұғымына нақты анықтама беріліп, оның БАҚ пен интернетте таралуына тыйым белгіленеді.

Қазір ЛГБТ тақырыбына қатысты ашық көріністерді фильмдерден алып тастау мәселесі де талқыланып жатыр.

Бұдан бөлек, жаңа түзетулердің әсері тойлар мен корпоративтік шаралар сияқты жаппай іс-шараларға да таралуы мүмкін екені бұған дейін хабарланған.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.