Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай ауқымды тегін құқықтық көмек акциялары өтті

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, еліміздің барлық өңірлерінде нотариаттық палаталармен және адвокаттар алқаларымен бірлесе отырып әділет органдарының ұйымдастыруымен «Әрбір азаматқа заңдық көмек!», «Тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні» атты кең ауқымды республикалық акциялар өткізілді.

Аталған іс-шаралардың мақсаты — азаматтардың білікті заң көмегін алу жөніндегі конституциялық құқықтарын іске асыру және құқықтық көмектің қоғамның барлық топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Акциялар аясында екі мыңға жуық азамат заң кеңесін алу үшін жүгінді. Негізгі мәселелер мұра рәсімдеу, отбасылық және еңбек даулары, алаяқтық, алимент өндіру, нотариаттық әрекеттер және мүліктік құқықтарды қорғау тақырыптарына қатысты болды.

Құқықтық кеңес беру жұмыстарын әділет органдарының өкілдері, тәжірибелі адвокаттар мен заңгерлер, нотариустар және сот орындаушылары жүргізді.

Іс-шаралар барысында азаматтар өздерін толғандырған құқықтық сұрақтар бойынша білікті заң көмегін, жауаптар мен ұсыныстар алды.

Мұндай акциялар нақты мәселелерді шешуге ғана емес, жалпы қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға да ықпал етеді.

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЛЫС КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Бүгін Абай университеті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін...