Қазақстанда ипотека беру қатаңдатылады 

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер ипотека беру барысында қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін мұқият бағалайды. Бұл мерзімі өткен берешек тәуекелдерін азайту үшін қолға алынып отыр. Бұл туралы брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, бұл табысқа қатысты қатаң шектеулер енгізуді білдірмейді, алайда банктер клиенттің тәуекел профилін ескеруге міндетті.

Бұл нақты бір шектеу емес. Бұл – тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы іске асырылатын тетік. Банктер қарыз алушының табыс деңгейін бағалап, оның төлем қабілеттілігін ескере отырып шешім қабылдауы тиіс, – деп түсіндірді Әбілқасымова.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы атап өткендей, ипотека бойынша дефолт деңгейі салыстырмалы түрде төмен болғанымен, 2020 жылдан кейін берілген несиелер бойынша мерзімі өткен төлемдер өсіп келеді.

Соңғы жылдары, пайыздық мөлшерлемелер жоғары болған кезеңде берілген ипотекалық қарыздар бойынша дефолт көрсеткішінің артқанын көріп отырмыз. Сондықтан банктерге тәуекелі жоғары қарыз алушыларға несие беруге жол бермеу тікелей тапсырылып отыр, – деді ол.

Іс жүзінде бұл табысы төмен азаматтарға, әсіресе нарықтық бағдарламалар аясында, екінші деңгейлі банктерден ипотека алу қиындай түсетінін білдіреді. 

Сонымен қатар агенттік тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру шаралары да қатар қарастырылып жатқанын атап өтті.

Жеңілдетілген ипотека кімге беріледі?

Әбілқасымованың айтуынша, қазіргі таңда жеңілдетілген бағдарламалар әрдайым шын мәнінде қолдауға мұқтаж азаматтарға бағыттала бермейді.

Жеңілдетілген ипотекалық өнімдерге әртүрлі санаттағы азаматтар, оның ішінде нарықтық шарттармен де ипотека ала алатындар қол жеткізіп отыр. Біз мұндай бағдарламалардың нақты мақсатты бағытталуын күшейту қажет деп санаймыз, – деді ол.

Билік мемлекеттік қолдауды өздігінен ипотека ала алмайтын азаматтарға қайта бағыттауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесі мен коммерциялық банктер өнімдері арқылы нарықтық ипотеканы дамыту көзделуде.

Маңыздысы – ипотекалық саясат тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, бағаның өсуіне немесе халықтың шамадан тыс қарыздануына алып келмеуі тиіс, – деп айтты агенттік басшысы.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.