spot_img
spot_img

Қазақстанда дүкендер мен супермаркеттерде ішімдік сатуға тыйым салу ұсынылды

Қазақстанда дүкендер мен супермаркеттерде ішімдік сатуға тыйым салу ұсынылды. Үкімет сағатында ІІМ басшысы Ержан Саденов осындай мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің сөзінше, алкоголь — елдегі криминоген жағдайға әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Шенеуніктің айтуынша, жыл сайын мас күйде 10 мыңға дейін қылмыс жасалады.

ІІМ ішімдікті интернет арқылы сатуға толық тыйым салуды ұсынды. Одан бөлек:

  • ішімдікті тек арнайы дүкендерде сату («алкомаркеттерде»);
  • лицензия беру ережелерін қатаңдату және олардың санын шектеу ұсынылды.

ІІМ басшысы ойын-сауық орындарына арналған шектеу туралы да айтты:

«Ойын-сауық орындарында ішімдік сату уақытын шектеу қажеттілігі туындады. Мұндай нысандарда мас күйде 1 400-ден аса қылмыс жасалған, оның ішінде үшеуі — кісі өлтіру».

Алайда, Ержан Саденовтың айтуынша, кейбір мемлекеттік органдар бүгінде бұл тәсілдерді қолдамайды.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының...

Опубликован проект новой Конституции Республики Казахстан

Комиссией по Конституционной реформе опубликован проект новой Конституции Казахстана. Проект...

К новому этапу зрелости государства

КОМИССИЯ ПО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЕ ОБЪЕДИНИЛА ВСЕ ПРЕДЛОЖЕНИЯ В ЕДИНЫЙ...

Зейнетақы төлемін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді

Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Қазақстан халқының 30%-ға жуығы құмар ойындарға қатысқан

Қазақстан халқының 29%-ында құмар ойындар мен лотереяларға қатысу тәжірибесі бар. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиков ведомство алқасының отырысында мәлімдеді.