Қазақстанда активтерді қайтару қызметі құрылды

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры 2026 жылғы 6 қаңтардағы бұйрығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару қызметі туралы ережені бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған қызмет Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшесі.

Қызмет құрамына мыналар кіреді:

  • мониторинг, талдау және тексерулер басқармасы;
  • активтерді қайтару шаралары басқармасы;
  • Бас прокурордың аға көмекшісі (ұйымдастырушылық-бақылау жұмысы);
  • Бас прокурордың көмекшісі (халықаралық байланыстар жөнінде).

Қызметтің негізгі міндеттері:

  • «Мемлекетке заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы» заңда көзделген өкілеттіктер шегінде заңсыз иемденілген активтерді анықтау және оларды мемлекетке қайтару;
  • заңсыз иемденілген, оның ішінде елден шығарылған активтерді мемлекетке қайтаруға бағытталған шараларды іске асыру;
  • активтерді қайтару мәселелері бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты дамыту;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен Президент актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Қызметтің функциялары:

  • мемлекет атынан және оның мүддесі үшін активтерді қайтару жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
  • активтерді заңсыз иемденуге, оларды елден шығаруға және қайтаруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ақпаратқа мониторинг пен талдау жүргізу, заңда айқындалған субъектілер мен олардың аффилиирленген тұлғаларына қатысты заңсыз шығарылған активтер туралы ақпаратты іздеу, жинау, өңдеу, жүйелеу және бағалау;
  • қайтаруға жататын активтерге аудит және бағалау жүргізу, оның ішінде үшінші тұлғаларды тарту арқылы;
  • активтің сатып алыну көздерінің (шығу тегінің) заңдылығын заңнамаға сәйкес тексеру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен және лауазымды тұлғалардан ақпарат пен материалдар сұрату;
  • заңда көзделген әлеуетті субъектілерге және олардың аффилиирленген тұлғаларына қатысты, сондай-ақ өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеу және (немесе) жүргізу;
  • активтерді ерікті түрде қайтару туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша заңда белгіленген тәртіппен шешім қабылдау;
  • мүлікті тәркілеу және активтерді қайтару саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу;
  • активтерді қайтару жөніндегі қызмет нәтижелерінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету;
  • мемлекетке заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның тиімді қызметін қамтамасыз ету;
  • Конституциялық заңдарда, заңдарда, Президент пен Бас прокурордың актілерінде көзделген өзге де функцияларды орындау.

Қызметті оның басшысы басқарады және Қызметке жүктелген міндеттердің орындалуына, сондай-ақ функциялардың жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.

Қызметтегі жалпы және құпия іс жүргізу прокуратура органдарындағы құжат айналымы қағидаларына және құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік актілерге сәйкес жүргізіледі.

Аталған бұйрық 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Еске салайық, 2025 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысы Бас прокуратураның кейбір функцияларын трансформациялау ниеті бар екенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ өткен жылдың желтоқсан айының соңында Активтерді қайтару комитеті Бас прокуратура жанындағы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті болып қайта ұйымдастырылғаны хабарланған еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты

Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.

Аида Балаева Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Аида Балаева Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды 

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Алматыда қамауға алынды.

Елімізде БЖЗҚ-ның жеткіліктілік шегі өзгереді

Бір күн қалды - Қазақстанда БЖЗҚ-ның жеткіліктілік шегі өзгереді.

Көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы жәрдемақы көлемі жарияланды 

Бүгінде әлеуметтік қолдау ауқымы миллиондаған адамды және жүздеген миллиард теңгені қамтып отыр.