12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда 10 жаңа су қоймасы салынады

Келесі жылы Жамбыл облысында екі жаңа су қоймасының құрылысы басталады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізді. 2028 жылға дейінгі су саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес Жамбыл облысында 10 жаңа су қоймасы салынып, жұмыс істеп тұрған 3 су қоймасы реконструкциядан өтеді. Сондай-ақ, 45 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізу жоспарланған.

Министрлік келесі жылы Ақмола және Қалғұты су қоймаларының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Теріс-Ащыбұлақ және Қарақоңыз су қоймалары реконструкциядан өтеді. Ал облыс әкімдігі 7 жаңа су қоймасының жобалау-сметалық құжатын әзірлеумен айналысып жатыр.

Министрдің сөзінше, қазір 415 шақырым болатын 76 каналды жаңғырту жобасы әзірленіп жатыр. Бұл шара 24 877 гектар жерге су жеткізуді жақсартады. Сонымен қатар, өңірде 23 суару каналын реконструкциялау жобасы аяқталуға жақын. Нәтижесінде 19 746 гектар егістікке су беру жақсарады.

Биыл жыл аяғына дейін ұзындығы 103 шақырымнан асатын 5 каналды реконструкциялау жобасын аяқтау жоспарланып отыр.

МАС: адаптация к новой реальности 

БОЛЬШИМ СОБЫТИЕМ ДЛЯ ГЛОБАЛЬНОГО СУДЕЙСКОГО СООБЩЕСТВА СТАЛА ПРОШЕДШАЯ НЕДАВНО...

Вьетнамда су тасқынынан 37 адам қаза тапты

Вьетнамның орталық провинцияларында ұзаққа созылған нөсер жаңбыр мен қатты су тасқыны салдарынын 37 адам көз жұмды, бес адам хабар-ошарсыз кетті, 78 адам жарақат алды.

11 облыста жүргізушілерге абай болу ескертілді

2025 жылдың 4 қарашасында еліміздің 11 облысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. "ҚазАвтоЖол" жолда көктайғақ пен көрінудің нашарлауына байланысты жүргізушілерге сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертті.

Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайды мәлімдеді

Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайды мәлімдеді.

Ауғанстанда болған жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігінде сезілді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының" хабарлауынша, 2025 жылғы 3 қарашада Астана уақытымен сағат 01:29-да жер сілкінісі тіркелді.