Қазақстанда қанша блогер декларация тапсырды?

Қазақстандық салық органдары 850 блогерге хабарлама жіберді. Олардың жартысынан азы салық төлеген. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, хабарламалар шамамен 850 блогерге жіберілген.

«Олардың ішінде шамамен жартысына жетпейтін, яғни 360-қа жуық блогер өз табыстарын 10,5 миллиард теңге көлемінде ерікті түрде растады. Төлем сомасы 256 миллион теңге болған. Жұмыс жалғасып жатыр. Кейбірінің төлеу мерзімі әлі жетпеген болуы мүмкін», – деді Темірбеков Мәжіліс кулуарында.

Егер блогерлер қарыздарын жаппаса, ол мәжбүрлі түрде өндіріледі. Айта кетейік, 2023 жылы күшіне енген «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңға сәйкес, онлайн-платформаларда кәсіпкерлік мақсатта ақпарат тарататын тұлғалар (инфлюенсерлер) жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуге міндетті. Салық жүктемесі арнайы салық режимі арқылы 1%-дан 4%-ға дейінгі мөлшерде белгіленеді.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.