Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі жаңашылдықтар

Қазақстан Республикасының Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды. Қабылданған өзгерістер мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған.

Заңдағы маңызды жаңалықтардың бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын тұлғалар шеңберінің кеңейтілуі. Енді мұндай талаптар мемлекеттік органдар қызметкерлерімен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлеріне және бюджет қаражаты немесе Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға қатысатын тұлғаларға да қолданылады. Бұл мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, кадрлық процестерді толық цифрландыруға ерекше назар аударылды. «Е-қызмет» бірыңғай цифрлық кадрлық жүйесінің заңнамалық негізі бекітіліп, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы кадрлық жұмыстардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру көзделген. Бұл адами фактордың әсерін азайтып, кадрлық шешімдердің объективті қабылдануына ықпал етеді.

Заңнамалық өзгерістер мемлекеттік органдар басшыларының жауапкершілігін де күшейтті. Енді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қажетті шараларды қабылдамаған немесе бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол беруіне ықпал еткен басшылардың жауапкершілігі арта түседі. Бұл басшылардың алдын алу жұмыстарына деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.

Жалпы алғанда, 2026 жылғы өзгерістер Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа кезеңін қалыптастыруға бағытталған. Заңнамалық жаңашылдықтар мемлекеттік аппараттың ашықтығын арттыруға, қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесінің тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Алматы облысы

Әділет департаментінің

Әкімшілік бөлімі

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...