Гендерлік саясат – қоғамдағы әйелдер мен ерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты. Қазақстан Республикасында гендерлік теңдікті дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда.
Еліміздің Конституциясында барлық азаматтардың заң алдында тең екендігі бекітілген. Осы қағидат негізінде әйелдер мен ерлердің мемлекеттік қызметте, білім алуда, еңбек қатынастарында және қоғамдық өмірге қатысуында тең мүмкіндіктер жасауға жағдай қарастырылған.
Қазақстандағы гендерлік саясаттың басты мақсаты – әйелдер мен ерлердің әлеуетін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беру, отбасылық құндылықтарды нығайту және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау. Бүгінде әйелдердің мемлекеттік басқару жүйесіндегі, кәсіпкерлік пен қоғамдық ұйымдардағы рөлі артып келеді. Сонымен қатар, ана мен баланы қорғау, отбасы институтын қолдау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыру қоғамның тұрақты дамуына, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – құқықтық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі.
Сондықтан гендерлік саясатты дамыту тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болып табылады. Тең құқықтар мен мүмкіндіктер қағидаты сақталған жағдайда ғана еліміздің одан әрі дамуы мен өркендеуіне қол жеткізуге болады.
Дильдора Бабаханова, Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының бас маман – сот отырысының хатшысы


