Қазақстандағы ең қымбат қалалар аталды

Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсуді жалғастыруда. Баға бойынша Астана мен Алматы алда тұр, ал Атырау үштікті аяқтайды. 

2026 жылдың мамыр айында Атыраудағы жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы бір шаршы метріне 537 968 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бойынша қала Қазақстанның бақыланатын қалалары арасында Астана мен Алматыдан кейін үшінші орынға жайғасты.

Салыстыру үшін айтсақ, Астанада жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі 734 534 теңге, Алматыда 718 362 теңге болды. Республика бойынша орташа көрсеткіш – бір шаршы метріне 614 019 теңге.

Қайталама тұрғын үй нарығында да Атырау ең қымбат қалалардың үштігіне кірді. Мұнда пәтерлерді қайта сату бағасының орташа құны бір шаршы метріне 511 203 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш Алматыда – 742 242 теңге, Астанада – 725 713 теңге.

Атырауда жайлы тұрғын үйді жалға алу құны мамыр айында бір шаршы метріне 4 334 теңге болды. Бұл көрсеткіш бойынша қала Алматы, Астана, Қарағанды және Петропавлдан кейін бесінші орында тұр.

Сонымен қатар, бағаның өсу қарқыны жағынан Атырау көшбасшылар қатарында емес. Бір жыл ішінде қаладағы жаңа тұрғын үй бағасы 5 пайызға, ал қайталама нарықтағы тұрғын үй 5,9 пайызға қымбаттаған. Бұл көрсеткіш Ақтөбе, Астана, Алматы және бірқатар басқа қалалардағы өсімнен төмен.

Атырауда ең қарқынды қымбаттап жатқан сегмент – жалдамалы тұрғын үй. Бір жыл ішінде жалдау ақысы 10,1 пайызға, ал бір айда 2,9 пайызға өсті. Салыстырмалы түрде алғанда, жаңа тұрғын үй бағасы бір ай ішінде өзгермесе, қайталама нарықтағы баспана бағасы 0,4 пайызға арзандаған.

Жалпы алғанда, Қазақстан бойынша 2026 жылдың мамырында жаңа тұрғын үй бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,5 пайызға, пәтерлерді қайта сату бағасы 10,8 пайызға, ал жалдау ақысы 13,8 пайызға өскен.

Осылайша, Атырау тұрғын үй сатып алу тұрғысынан елдегі ең қымбат қалалардың бірі болып қала береді. Алайда мұндағы баға өсімі салыстырмалы түрде баяу. Қазіргі таңда ең үлкен қысым жалдау нарығында байқалады, себебі дәл осы сегментте баға ең жылдам өсіп жатыр.

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды? 

Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан экстрадицияланды.

Экологиялық дабыл: Англиядағы су қоймаларының бәрі ластанған 

Мәліметке сәйкес, егер судағы қауіпті заттардың мөлшері белгіленген нормадан асып кетсе, су нысаны «жақсы химиялық жағдай» талаптарына сай деп есептелмейді.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.