12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан: сыбайлас жемқорлық пен даму арасында

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатына тікелей әсер ететін заманауи қоғамның негізгі проблемаларының бірі болып табылады. Демек, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен қатар өткір тұр.

Сыбайлас жемқорлық – үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, жан-жақты және жедел әрекет етуді талап ететін қазіргі қоғамның келеңсіз құбылысы. Елімізде орын алып отырған сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономиканың дамуына кедергі келтіріп, инвестициялық ахуалға кері әсер етіп, еліміздің имиджін төмендетеді.

Әлемде бірде-бір мемлекет жемқорлықты түбегейлі жойған жоқ, тек оның деңгейін төмендетуге болады. Әлемнің барлық мемлекеттері жемқорлықпен бетпе-бет келіп отыр. Оның үстіне қазіргі жағдайда сыбайлас жемқорлық бірте-бірте тұрмыстық проблемадан жаһандық проблемаға айналып барады. Қазір барлық елдер, соның ішінде ең озық елдер, жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлықпен күресудің үлгілерін қайта қарауда, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту үшін жаңа заңдар мен ережелер қабылдауда.

Мемлекетіміз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу бағытында мақсатты жұмыстар жүргізуде. Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы бекітілген болатын. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жыл сайын қамтылып келеді. Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске мемлекеттік мәртебе берілгеннен бері сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу және шектеу бағытында қоғамдық және саяси күштермен бірлесе ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Осылайша, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік қызметтің «мансаптық» моделіне көшуді қамтамасыз етеді, құзыреттілікке негізделген ашық конкурстық іріктеу, жоғарылату тетіктері арқылы меритократия қағидаттары енгізілген. Мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау жүйесі қайта қаралды, еңбек нәтижесіне қарай еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі сынақтан өтті.

Осы жаңашылдықтардың арқасында барлық азаматтар қаржылық, әлеуметтік жағдайына және мәртебесіне қарамастан қалаған лауазымын иеленуге мүмкіндік алды. Қазіргі мемлекеттік қызметшілер жоғарылаған кезде де солай.

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды факторларының бірі бизнес-процестерді автоматтандыру болып табылады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерді алуда ыңғайлылық жасауға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға жүгінген кезде тікелей байланысты жоюға арналған. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметті «бір терезе» қағидаты бойынша алуға болады, тек халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе Электрондық үкімет порталы (www.egov.kz) арқылы хабарласу жеткілікті.

Сыбайлас жемқорлық лаңкестікпен және елдің қорғаныс қабілеті деңгейінің төмендеуімен қатар мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін маңызды қатерлердің бірі болып табылады. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі тарапынан ерекше көңіл бөлініп отырғаны бекер емес. Демек, сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды әдістерінің бірі – заңды сақтау, бұл ретте моральдық жағы да маңызды рөл атқарады. Өйткені, адамгершілігі жоғары адам заңды бұзбайды. Әрбір азамат өзінен бастаса, өз міндетін адал, жауапкершілукпен  атқарса, жемқорлық азаяды.

Гульайым Ахметова
Орал қаласының № 2 сотының бас маманы

Сот талқылауы барысында істердің барлық мән-жайларын анықтаудың маңыздылығы

Қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі қылмыстық заң шеңберінде...

Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының тарихы

Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының қалыптасуының басталуы тәуелсiздiк алумен тығыз...

Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің біркелкілігі

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес әкімшілік акт ұғымы...

Сот талқылауы барысында істердің барлық мән-жайларын анықтаудың маңыздылығы

Қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі қылмыстық заң шеңберінде...

Конституция – ел дамуының даңғыл жолын айқындайды

Биыл қазастан Республикасының Конституциясына 30 жыл толды. Ата-бабаларымыздың сан...