12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстегі татуластыру рәсімдері

            Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 120-бабында татуластыру рәсімдері қарастырылған. Осы бап талабына сай, тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.  Жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде тараптардың татуласуына жол беріледі. Дауды медиация және партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу сотта осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Тараптар арасындағы дауды бейбіт жолмен шешу ата-бабадан келе жатқан дәстүрлі маңызы зор мәселенің бірі. Талай би-шешендеріміз бір ауыз сөзбен бейбіт тоқтамға келтіріп отырған. Татуластыру рәсімдерін әкімшілік іс жүргізу барысында қолдану арқылы, судья дауды тез, әрі түпкілікті шешуде және оны судьялар белсенді қолдануда.

Мысалы, 2024 жылы Ақтөбе облысы аймағы су тасқынынан зардап шегіп,  төтенше жағдай жарияланды. Қаншама жеке және заңды тұлғалар осы апаттың кесірінен зардап шекті. Келтірілген залалды өндіру үшін азаматтар Ақтөбе облысының мамандандырылған ауаданаралық әкімшілік сотына 255 талап арызбен жүгінді. Сот медиатор ретінде медиация тәртібін жүргізді және істің 144-ін медиация тәртібімен реттеді.

Мысал келтірсек, азаматша Ж-ның үйі су тасқыны кезінде суға кетіп, шығынға ұшырайды. Жауапкер арыз тапсыру уақытының өтіп кеткенін айтып, тиісті шараларды қабылдамайды. Медиация шарттарына сәйкес, Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі  сотпен келісім бекітілген күннен бастап бір ай мерзімде талап қоюшы Ж-ның 2024 жылғы 18 маусымдағы  арызын комиссия отырысында қарауға міндеттенеді.

Екінші мысал, заңды тұлға Д. шаруа қожалығы 2024 жылғы орын алған көктемгі су тасқыны кезінде шығынға ұшыраған. Ойыл ауданының әкіміне табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде келтірілген залалды өтеуді сұрады. Медиация шарттарына сәйкес, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімі 2025 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде Д. шаруа қожалығына 20 (жиырма) бас мүйізді ірі қара (сиыр) мал үшін залалды жергілікті бюджеттен өтеуге міндеттенеді.

            Осылайша, татуластыру рәсімдерімен даудың шешілуі тараптардың уақытын, каражатын жоғалтпай, тиімді  екенін көрсетеді. 

Бас маман-

сот отырысының хатшысы:                                            Г.Е.Усенова

В области Абай проведена профилактическая работа с осужденными совершившие мошенничество

Сотрудники оперативного отдела ДУИС по области Абай совместно оперуполномоченным...

Ата Заңымызға — 30 жыл!

Биыл еліміздің Ата заңының қабылданғанына – 30 жыл. Қазақстан...

КӘСІБИ МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚҰРМЕТТІ ƏРІПТЕСТЕР! Қазақстан Республикасы Судьялар одағы атынан Сіздерді кəсіби...

Қоғам және қылмыс

Қaзіргі таңда кісі өлтіру қылмысының белең алып тұрғаны бәрінен...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЖЕГІ ҚҰРТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері...