Қазақстан Республикасының қылмыстық – процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасының 2025 жылдың 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне, оның ішінде сотқа дейінгі сатысында қорғалуға құқығы бар куәгерге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi (әрі қарай — Кодекс) 65-1 — бабымен толықтырылды.
Кодекстің 65-1 — бабының 1-тармағына сәйкес, егер адам қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызда және хабарда оны жасаған адам ретінде көрсетілсе не қылмыстық процеске қатысатын куә оған қарсы айғақтар берсе, бірақ бұл адамға процестік ұстап алу қолданылмаса не оны күдікті деп тану туралы қаулы шығарылмаса, онда ол қорғалуға құқығы бар куә мәртебесін алады.

Онымен қоса, Кодекстің 67-бабы қорғалуға құқығы бар куәгерге қорғаушының қатысуы мiндетті екендігімен толықтырылды.
Сонымен қатар, Кодекстің 68-бабының 6-тармағына, адвокат, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларының 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес қорғалуға құқығы бар куәгерге қатысты қаулыларға ақы төлеу қарастырылған.

Н. Дауылбаев,
Тараз қаласы N2 сотының судьясы

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...