Қазақстан Республикасында нотариус болу жолы

Нотариаттық қызмет – бұл заңгерлер арасында ең танымалы қызмет түрлерінің бірі. Нотариус — мәмілелерді, сенімхаттарды, өсиеттерді және басқа да заңдық маңызы бар құжаттарды куәландыратын, сондай-ақ заңда көзделген басқа да нотариаттық әрекеттерді жүзеге асыратын заңгер. Нотариус мамандығы заңнаманы жақсы білуді, мұқияттылықты және жоғары жауапкершілікті талап етеді.

Қазақстанда нотариус болу үшін бірнеше міндетті кезеңнен өту қажет. Негізгі талаптар Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» заңында белгіленген. Заңның 6-бабына сәйкес, нотариус болу үшін Қазақстан Республикасының азаматы болу, 25 жасқа толу, жоғары заңгерлік білімнің болуы, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі болуы, тағылымдамадан және аттестаттаудан өту, сондай-ақ нотариаттық қызметпен айналысуға лицензия алу қажет.

Алғашқы қадам — жоғары заңгерлік білім алу. Университетті бітіргеннен кейін заң мамандығы бойынша жұмыс істеп, қажетті тәжірибе жинақтау керек. Мұндай тәжірибені мемлекеттік органдарда, заң ұйымдарында немесе заң саласында қызмет атқаратын басқа да мекемелерде алуға болады. Келесі маңызды кезең — нотариуста тағылымдамадан өту. Тағылымдаманың мақсаты -болашақ нотариусқа нотариаттық қызметтің практикалық қырларын меңгеруге мүмкіндік беру. Одан кейін кандидат аттестаттаудан өтеді. Аттестаттау барысында заңнаманы білу деңгейі мен практикалық дағдылары тексеріледі.

Аттестаттаудан сәтті өткеннен кейін нотариаттық қызметпен айналысуға лицензия алу қажет. Лицензия Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген тәртіппен беріледі.

Нотариус мамандығы заңнаманы жақсы меңгеруді, құжаттармен мұқият жұмыс істеуді және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан бұл мамандықты таңдаған адам өз білімін үнемі жетілдіріп, заңдардағы өзгерістерді қадағалап отыруы керек.

Астана қаласы Әділет департаменті Құқықтық түсіндіру және халықа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Маденова Б.Б.

ҚАЖ қызметкері Семей қаласының Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжінің тәрбие кеңесі құрамына кірді

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғару мекемесінің қызметкері Семей қаласының...

Күзгі көңілсіздікке қалай дайындалуға болады: Ұлттық госпиталь психологының кеңестері

Күз мезгілі басталғанда кейбір адамдар көңіл күйінің төмендеуін, шаршағыштықтың...

Қазақстан Республикасы Конституция туралы

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы және құқықтық жүйесінің өзегі....

«Тепло добрых дел»: сотрудники учреждения помогли школьнице подготовиться к учебному году

В преддверии нового учебного года сотрудники учреждения минимальной безопасности...