Қазақстан Республикасы Конституциясына 30 жыл

30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні! Биыл Қазақстан халқын бір тудың астына біріктірген Ата заңымыздың қабылданғанына жиырма бес жыл толып отыр. ҚР Конституциясын Егемен елдің еңсесін биіктеткен басты арқау деп білетін әрбір қазақстандық бұл күнге бейжай қарамайтыны анық.

Конституция жаңадан шаңырақ көтерген Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жарқын болашағын анықтап берді. Ата заң аясында елдіктің ең алғашқы қазығы қағылып, қабырғасы қаланды. Шаңырағымыз биіктеп, босағамыз бекіді. Заңы кемелденген, саясаты орнықты, қоғамы тұрақты, сыртқы және ішкі геосаяси ахуалы қалыптасқан іргелі елге айналдық. Біз бұл сөздерді құр мақтан үшін айтып отырған жоқпыз. Конституция күні Қазақстан халқы үшін мерейлі мереке ретінде аталып өтіп келеді. Қазақстан халқы 30 тамызды Конституция күні рентінде тойлайды. 30 тамызда ғана емес, Конституцияның құдіретін, қажеттілігін Қазақстан жұртшылығы жан-тәнімен түйсінеді деп ойлаймыз. Конституциямызда тайға басылған таңбадай анық жазылаған, ең басты орында тұратын адам құқығы және оның бостандығы туралы баптар, сондай-ақ, саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылым қағидаттарының арқасында қазақ даласында әділетті қоғам мен қуатты мемлекет құрып отырмыз. Ата заңымыз Қазақстан сынды жарқын болашақты бетке алған мәңгілік елдің мызғымас тұғырына, бағыт сілтер темірқазығына айналды.

Еліміз егемендік алғаннан бері жылдан-жылға тек ғана алдыға қадам басып келеді. Біздің елдің отыз жылға жуық уақытта жеткен жетістігі мен толағай табысына алыс-жақын шетел таңдай қаға тамсанады. Жас мемлекеттің мұншалық тез дамуына және ішкі-сыртқы саяси жағдайының осыншалық тұрақтылығына таңданбау қиын әрине. Осы жетістіктің бәрі кемел Конституциясымыздың арқасында екенін ешқашан естен шығармауымыз керек деп есептейміз.

Қызылорда облысының мамандандырылған 

ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің 

бас маманы Қ.Амангелді

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...

Условно-досрочное освобождение

Условно-досрочное освобождение – это прекращение отбывания наказания до истечения...