12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстан Республикасы күніне орай пробация қызметінің есептегілеріне арналған экскурсия

Семей қаласының пробация қызметкерлері Қазақстан Республикасы күніне орай есептегі азаматтар үшін Абай атындағы кітапханаға танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында қатысушылар ұлы ақын әрі ойшыл Абайдың бай мәдени және әдеби мұрасымен танысып, қазақ ұлттық болмысының қалыптасуындағы Абайдың рөлі мен Республика күні мерекесінің қазіргі Қазақстан үшін маңызын білді.
Іс-шараның мақсаты – рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту, кітап оқуға қызығушылықты арттыру және есептегі азаматтарда ел тарихы мен мәдениетіне құрмет сезімін қалыптастыру болды.
– Бір жыл бұрын ұялы телефон ұрлығы үшін сот шешімімен екі жылға бас бостандығым шектелген едім. Бұған дейін елім туралы білімім тек мектеп бағдарламасымен шектелетін. Бүгін көп жаңа және танымдық мәлімет алдым. Осындай кездесулер болашақ туралы ойлануға және өмірге жаңаша көзқараспен қарауға көмектеседі, – деп бөлісті сотталған.
– Мұндай іс-шаралар есептегілердің рухани дамуына және өмірлік құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізеді. Мәдениет пен тарихқа баулу арқылы біз оларға білімнің, азаматтықтың және елге құрметтің маңызын ұғындыруға көмектесеміз, – деді Затон аудандық пробация қызметінің инспекторы Асет Смаилов.
Пробация қызметкерлерінің айтуынша, осындай бастамалар есептегі тұлғалардың жауапкершілік сезімін нығайтып, олардың қоғамға сәтті бейімделуіне ықпал етеді.

Для осужденных женщин проводились курсы профессиональной подготовки

В целях исполнения пункта 3.7 протокола, проведённого Руководителем Администрации...

Сотталған азаматшаларға кәсіби курстар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының А.А. Дадебай төрағалығымен өткен...

Жетісу облысында пробация қызметі профилактикалық шара өткізуде

Жетісу облысы Ескелді аудандық пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен...