12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан мен Ресейдің аграрлық саладағы ынтымақтастығы беки түсті

Қазақстан мен Ресей арасында аграрлық сала бойынша ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерді деп айта берсек болады. Мысалы, қазір ауыл шаруашылығына маман даярлайтын оқу орындары арасында да байланыс беки түсіпті. Екі елдің өкілдері жуырда Оралда өтетін XXI форум шеңберінде бас қосып, агроөнеркәсіптік кешен саласында кадр даярлау, цифрлық инфрақұрылым және инновациялық технологиялар бойынша жаңа бастамаларды талқылайды.

Бүгінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университет және Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Ресейдің жетекші оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Ол оқу орындарының қатарында К.А.Тимирязев атындағы ауылшаруашылығы академиясы, Скрябин атындағы Москва аграрлық университеті, Н.И. Вавилов атындағы Бүкілресейлік өсімдік шаруашылығы ғылымы-зерттеу институты және Уфа мемлекеттік мұнай технологиялық университеті, Ставрополь, Башкирия, Краснояр, Тамбов және  Кубан ауыл шаруашылығы университеттері бар.

Жоғарыда Қазақстан мен Ресейдің XXI аймақаралық ынтымақтастық форумы өтетінін айтқан еді. Бұл серіктестік бірлескен зерттеулерді, тағылымдамаларды, академиялық жетекшілікті, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын қамтиды. Форум аясында осы бағыттағы ынтымақтастық одан әрі кеңейеді деп күтілуде. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ төрағасы Бауыржан Асановтың айтуынша, бұл алаң екі елдің аграрлық жүйесін біріктіріп қана қоймай, жаңа экономикалық мүмкіндіктердің де бастауына айналмақ.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы аграрлық ынтымақтастық – бұл өңірлік дамудың стратегиялық тірегі. Форум нәтижесінде біз кадр даярлауда, инновациялық шешімдер мен цифрлық технологияларды енгізуде нақты бірлескен жобаларды іске асыруға дайынбыз», – дейді басқарма төрағасы.

Ақпарат үшін толықтыра кетсек, 11–12 қарашада Орал қаласында өтетін Ресей мен Қазақстанның XXI аймақаралық ынтымақтастық форумы «Еңбек мамандықтары – экономиканың өсу драйвері» тақырыбына арналады. Бұл – еңбек адамдарының қоғамдағы рөлін арттыруға, сондай-ақ өндірістік және аграрлық салалардағы жұмысшы мамандықтарының беделін көтеруге бағытталған маңызды алаң. Бастама Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауымен де үндесіп отыр.

Праздник «Салбурын» прошел в Актобе

Более 100 спортсменов, среди которых беркутчи, мастера игры в...

Новый центр сервиса появится в Катон-Карагае в рамках программы «Ауыл Аманаты»

В Катон-Карагайском районе ВКО продолжается активная реализация важных проектов...

Объем валовой продукции животноводства в Казахстане достиг 3 трлн тенге

Объем произведенной продукции животноводства полностью обеспечивает потребности внутреннего рынка По...

Келер жылы елімізде тағы бір үлкен спорттық дода өтуі мүмкін

2026 жылы елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты дүбірлі...

Тіл – темір қазығымыз

Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды,...