Қазақстан мен Қытай отандық су саласы мамандарын даярлауда әріптестікті нығайтып жатыр

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытайдағы әріптестерімен кадрларды бірлесіп даярлауды жалғастыру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Биыл мамыр айының соңында су министрлігінің басшысы Нұржан Нұржігітов Power China бас директоры Ван Бинмен кездескенін еске сала кетейік.

Қазақстан тарапы алдағы бірнеше жыл ішінде су шаруашылығы саласындағы отандық мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін орта мерзімді оқу жоспарын әзірлеуді ұсынды. Бүгінде Қытайда қазақстандық 60 маман біліктілігін арттырды. Жыл соңына дейін тағы 60 маман Қытайда оқудан өтпек. Бұл курстар Қытай тарапының қаржысы есебінен ұйымдастырылып отыр. Еске сала кетсек, биыл наурыз айында Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары алғаш рет өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған болатын. Құжат су ресурстарын тиімді әрі тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу мен игеру, тәжірибе алмасу және бірлесіп мамандар даярлау сияқты бағыттарда екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.

«Біз тағылымдамалар мен білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу, сондай-ақ білім, тәжірибе және технологиялармен алмасу бастамаларын талқылауға дайынбыз. Екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық Қазақстанның су саласындағы кадрлық әлеуетін дамытуға септігін тигізеді деп сенемін. Сонымен қатар бұл стратегиялық әріптестігімізді де нығайта түседі»,

– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...