Қазақстан Конституциясы – ел тәуелсіздігінің тірегі

Қазақстан Республикасының Конституциясы-еліміздің басты саяси және құқықтық құжаты. Ол 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданып, сол күннен бастап заңдық күшіне енді. Бұл күн қазір елімізде мерекелік әрі тарихи маңызы зор дата ретінде атап өтіледі.

Конституция тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік құрылымын, билік тармақтарын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақтылап, қоғамдағы заң үстемдігін қамтмасыз ететін негізгі құжат. Оның басты мақсаты-Қазақстан халқының мүддесін қорғау, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, демократиялық қағидатттарды орнықтыру.

Бүгінгі Конституцияда Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде сипаттайды. Онда билік үш тармаққа: заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлінеді. Бұл жүйе биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермей, әр тармақтың дербестігін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, Конституция әрбір азаматтың ар-намысы, құқықтары мен еркіндіктері қорғалатынын кепілдейді. Мемлекеттік тілдің мәртебесі, ұлттық бірлік, діни сенім бостандығы және әлеуметтік әділдік принцептері де осы құжатта айқын көрсетілген.

Қазақстан Конституциясы –мемлекеттіліктің символы ғана емес, қоғам мен билік арасындағы келісімнің кепілі. Ол елдің тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік іргетасы болып табылады. Сондық әр азамат Конституцияны білуге, құрметтеуге және сақтауға міндетті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жасы құтты болсын. Еліміз аман, іргеміз бүтін,  тұғырымыз мықты, рухы биік мемлекет болатынына сенемін.

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Г.К.Исаева

Сотты құрметтемеушілік салдары

Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаты негізінде бүгін барлық...

В Алматинской области более 460 детей получили медицинскую помощь в рамках выездных осмотров

В рамках мероприятий, приуроченных ко Дню Республики Казахстан, специалисты...

Алматы облысында 460-тан астам балаға көшпелі медициналық көмек көрсетілді

Қазақстан Республикасы күніне орай Облыстық балалар клиникалық ауруханасының мамандары...

Сот қызметін ұйымдастыру – жауапты әрі маңызды міндет

Істің көзін тапқан, қисықтың тезін тапқан мамандар ғана халық...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілдің қоғам...