Қазақстан күрес түрлерінен әлем чемпионатында қанша медаль еншіледі?

Афинада (Грекия) күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды:

  • Грек-рим күресінде Жаңажол Қуанышбек 45 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды.
  • Күміс жүлдені Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) мен Нұралы Асқар (55 келіге дейін) еншіледі.
  • Шамиль Досбол (65 келіге дейін) мен Марлен Мейірбекұлы (71 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.
  • Қыздар арасында Мадхия Усманова (57 келіге дейін) алтын медаль иеленді.
  • Інжу Баққожа (40 келіге дейін) мен Шахизада Дәулетжан (69 келіге дейін) үшінші орыннан көрінді.
  • Еркін күрес шеберлері, яғни Данаель Абдықасым (51 келіге дейін), Бекасыл Асамбек (60 келіге дейін) және Дінмұхамед Қасымбек (80 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...