12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл: лайықты тұлғалар марапатталды

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қоғамымыздағы ең белсенді және ел дамуына еңбегі сіңген тұлғаларды мерейтойлық медальмен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Осы жылдар ішінде Ассамблея азаматтық қоғамның маңызды институтына айналып, қоғамдық келісімді, тұрақтылық және ұлттық бірлікті нығайтуда шешуші рөл атқаратын органға айналды. Сондықтан аталмыш органның марапатына өз елінің патриоты, шынайы еңбекқор азаматтары, ең лайықтылары ғана марапатталды. Солардың бірі Құйқабаев Дидар Аскербекұлы. Мемлекеттік “Аманат” партиясының мүшесі, қоғам қайраткері және Қазақстан ардагерлер қауымдастығының кеңесшісі, Халықаралық дәрежедегі бокс төрешісі бүгінде қоғамымызда талай игі істерге мұрындық болып жүрген азамат.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосып жатқанын бірнеше рет атап өтті. Сәйкесінше Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы шын лайықтыларды ғана мерекелік медалмен марапаттап отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жыл ішінде өңірде бірлікпен келісімді нығайту, этнос аралық қатынастарды дамыту саласында бірқатар жетістіктер мен нәтижелерге қолжеткізді. Мұның барлығы Дидар Аскербекұлы секілді әр саладағы еліміздің дамуы жолында еңбек етіп жүрген азаматтардың ерен еңбегі мен патриоттық қасиетінің арқасы екені даусыз.

Қазіргі таңда аталмыш мерекелік медалмен марапатталып отырған жандардың барлығы еліміздің әр саласында бірлікті нығайту, мемлекеттік тілді және ұлттық дәстүрлерді дәріптеу, отбасылық құндылықтарды насихаттаумен қоса, түрлі қайырымдылық акцияларына белсене қатысып жүрген азаматтар. Сондықтан мұндай мерекелерде лайықты тұлғаларды ынталандырып, еңбегін бағалау парыз!

Ата-ананың кәмелеткке толмаған баласына қатысты алименттік міндеттемелері

Отбасы – бұл сыйластық, ауызбіршілік, махаббат орнаған орта. Жанұядағы...

Ел дамуына үлес қосқан тұлғалар мерекелік медальмен марапатталды

Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Осы жылдар...

Алматы волонтерлері ҰОС ардагерлеріне қамқорлық көрсетуде

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы қаласында «Ардагерге құрмет»...

В Алматы воспитанники детских домов осваивают профессии бесплатно

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» проходят бесплатные...