Қазақстан ЕАЭО-дағы өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылар қатарына енді

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылардың қатарына енді. Еуразиялық экономикалық комиссиясы жариялаған көрсеткіштерге сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында еліміздегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,5%-ға артқан.

ЕЭК дерегінше, 2025 жылы ЕАЭО елдеріндегі өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 101,6%-ды құраған. Бұл ретте Қазақстан одаққа мүше мемлекеттер арасындағы ең жоғары өсім көрсеткен елдердің бірі болды. Көш басында өнеркәсіп өндірісі 10,6%-ға өскен Қырғызстан тұр.

Жыл қорытындысы бойынша Арменияда өнеркәсіп өндірісі 4,7%-ға, Ресейде 1,3%-ға өскен. Ал ЕАЭО елдері ішінде өндіріс көлемі төмендеген жалғыз мемлекет – Беларусь. Онда көрсеткіш 1,8%-ға азайған.

Сондай-ақ комиссия 2025 жылдың желтоқсан айындағы мәліметтерді де жариялады. Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі 2024 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 8,1%-ға өскен. Ал 2025 жылдың қарашасымен салыстырғанда өсім 10,4%-ды құраған.

Жалпы ЕАЭО бойынша желтоқсанда өнеркәсіп өндірісі бір жыл ішінде 3,9%-ға артқан. Ең жоғары өсім Арменияда тіркеліп, көрсеткіш бірден 38,6%-ға жеткен. Қырғызстанда өсім 10,4%, Қазақстанда 8,1%, Ресейде 3,7% болған. Ал Беларусьта, керісінше, өндіріс көлемі 2,9%-ға төмендеген.

Есепте 2024 жылы ЕАЭО елдеріндегі өнеркәсіп өндірісі 2023 жылмен салыстырғанда жалпы 5%-ға өскені де айтылған. Сол жылы Қазақстанда да оң динамика байқалып, өсім 2,8%-ды құраған.

ЕЭК жариялаған статистикалық мәліметтердің алдын ала екені және кейін нақтылануы мүмкін екені атап өтілді. Сондай-ақ комиссия Ресейдің 2024-2025 жылдарға арналған өнеркәсіп өндірісі статистикасын нақтылауына байланысты ЕАЭО бойынша деректердің қайта есептелгенін хабарлады.

ПЕРЕДВИЖНЫЕ МЕДИЦИНСКИЕ КОМПЛЕКСЫ ПРОВОДЯТ ОБСЛЕДОВАНИЕ ЖИТЕЛЕЙ ЕНБЕКШИКАЗАХСКОГО РАЙОНА

Два передвижных медицинских комплекса (ПМК) Алматинской региональной многопрофильной клиники...

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ТЕКСЕРУДЕ

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының екі жылжымалы медициналық кешені осы...

«Тәуелділік – үкім емес»: Алматы облысында тәуелділіктен арылуға қалай көмектеседі?

Наркотикалық және алкогольдік тәуелділік – адамның денсаулығына ғана емес,...