Қазақстан аумағында ауа температурасының төмендеуі күтілуде

Қазгидромет синоптиктері 17, 18 және 19 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан аумағының көп бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 17 шілдеде – батыста, 18 шілдеде – солтүстік-батыста, 18-19 шілдеде – солтүстікте, 19 шілдеде – Қазақстанның орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел күтіледі. Ел бойынша желдің күшеюі болжанған.

Аптап: оңтүстікте +46 градусқа дейін

Алдағы күндері елдің батысы мен оңтүстік-батысында өте қатты ыстық – 41-44 градусқа дейін, оңтүстік-шығысында – 42-43 градусқа дейін көтеріледі. 17 шілдеде солтүстік-батыста, 18 шілдеде республиканың орталығында – 40 градусқа дейін өте қатты ыстық болады, 18-19 шілдеде оңтүстікте – 45-46 градусқа дейін көтеріледі.

Күн салқындайды

Кезең соңында солтүстік өңірлерде ауа температурасының түнде 8-18 градусқа дейін, күндіз 17-25 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.