Қазақстан Өзбекстанға қарағанда көбірек дайын өнім шығарады – экономист пікірі

Экономист айырмашылықтар көбіне ресурстық базаға байланысты екенін атап өтті. Бірақ соған қарамастан, Қазақстан өңделген өнімдер экспорты бойынша жоғары абсолютті көрсеткіштерге ие.

Шикізатқа тәуелділігіне қарамастан, Қазақстан дайын өнім өндірісі бойынша Өзбекстаннан біршама асып түседі. Өзбек экономисі және Экономикалық дамуға көмек көрсету орталығының директоры Юлий Юсупов  Seredin  подкастында Қазақстан мен Өзбекстан экономикасы арасындағы ортақ салыстыруды қарастырып, экспорт құрылымы мен дайын өнім өндірісінің көлеміне назар аударды,  деп хабарлайды Aikyn.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Қазақстан экономикасы мен үкіметтік шығындарға қатысты жиі сын айтылады, алайда объективті көрсеткіштер елдің жағдайды тұрақты екенін көрсетеді.

«Егер сауда айналымына қарасақ, Қазақстанның экспорты біздің экспортымыздан айтарлықтай асып түседі. Яғни, қазақтар бізге көбірек өнім сатады. Ал бұл сататын нәрсе бар дегенді білдіреді», –  деді Юлий Юсупов.

Экономист айырмашылықтар көбіне ресурстық базаға байланысты екенін атап өтті. Бірақ соған қарамастан, Қазақстан өңделген өнімдер экспорты бойынша жоғары абсолютті көрсеткіштерге ие.

«Егер сіз біздің және Қазақстан экспортының құрылымына қарасаңыз, Қазақстан табиғи ресурстарды көбірек экспорттайтыны анық. Соған қарамастан, егер біз қазақстандық экспортты абсолютті түрде, яғни миллиардтаған доллармен алсақ, Қазақстанның дайын өнімдер экспорты Өзбекстанның экспортынан асып түседі. Шын мәнінде, бірнеше есе көп», – деді ол.

Юсуповтың айтуынша, бұл жағдай Қазақстанның шикізат экспортына тәуелділігінің жоғары болуына және Өзбекстан халқының саны екі есеге жуық көп болғанына қарамастан, сақталып отыр.

«Біз Қазақстан сияқты шикізат экспортына тәуелді емеспіз. Бұл голланд ауруы деп аталады. Осы тәуелділікке қарамастан, Қазақстан бірнеше есе көп дайын өнім шығарады», – деп қорытындылады экономист.

Сондай-ақ подкастта қоғамның экономикалық жағдайды қабылдауы кейде нақты макроэкономикалық көрсеткіштермен сәйкес келмейтіні, әсіресе Орталық Азия елдерін салыстырғанда айқын білінетіні айтылды.

ЖСДП мемлекеттік шығыстарды барынша ашық етуді ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада...

«Будучи в Парламенте, они долго блокировали прогрессивные налоги на роскошь или сверхприбыли – члены ОДСП высказались об Ак Жол

Руководитель Центрального аппарата Общенациональная социал-демократическая партия Максут Насибулов выступил...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗЕҢ: ТАРИХШЫ МЕН ЗАҢГЕР КӨЗҚАРАСЫ

2026 жылғы 1 шілде – Қазақстанның конституциялық даму тарихындағы...

КОНСТИТУЦИЯ – ҰЛТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІЛІК ДӘСТҮРІНІҢ АЙНАСЫ

2026 жылғы 1 шілде Қазақстанның саяси-құқықтық тарихында жаңа кезеңнің...

РОЛЬ СУДА ПО ДЕЛАМ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИХ В ЗАЩИТЕ ПРАВ ДЕТЕЙ

Защита прав и законных интересов несовершеннолетних является одной из...