Қазақстан – әлемдегі сенімді серіктес

Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап халықаралық аренада бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған сыртқы саясат жүргізіп келеді. Көпвекторлы қағидатқа негізделген еліміздің дипломатиялық бағыты, аймақтық қауіпсіздік, халықаралық ынтымақтастық және жаһандық бастамаларды қолдауға бағытталған. Осы арқылы Қазақстан халықаралық қауымдастықта сенімді серіктес әрі диалог алаңы ретінде танылып отыр.

Қазақстан əлемдік қауымдастықта бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мəселесіне ерекше мəн береді. Бұл орайда Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Қытай сияқты мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасты нығайта отырып, халықаралық дауларды шешудің бейбіт жолдарын қолдау арқылы өз ұстанымын көрсетіп отыр. Мысалы, 2022 жылдың қазан айында Украинадағы қақтығысты шешу мақсатында Қазақстан бейтарап бітімгерші ретінде халықаралық алаңдардағы пікірталастарға қатысып, дипломатиялық миссиялар жүргізді. Сонымен қатар Орта Азиядағы қауіпсіздік мəселелерінде, атап айтқанда Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарысты шешуде белсенділік танытып, бітімгерлік күш-жігер көрсетті. 2023 жылғы мəліметтерге сəйкес, Қазақстан БҰҰ-ның 5 бітімгершілік миссиясына қатысып, аймақтағы тұрақтылықты қолдауға үлес қосыпты. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның осындай бейтараптығы аймақтық қақтығыстарды шешу жолындағы делдалдық рөлін тиімді ете түседі. Бұл ретте еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік операциялары аясында түрлі миссияларға қатысып, əлемдегі тұрақтылықты сақтауға үлес қосуда. Нақты деректерге сүйенсек мəселен, 2024 жылы Қазақстан алғаш рет дербес əскери контингентін Біріккен Ұлттар Ұйымының əскерді ажыратуды бақылау жөніндегі күштері миссиясына жіберді. Бұл миссия Таяу Шығыстағы Голан жоталары аймағында орналасқан жəне Израиль мен Сирия арасындағы атысты тоқтату режимінің сақталуын бақылауға бағытталған. Еліміздің БҰҰ мен халықаралық ұйымдар аясындағы бітімгершілік миссияларында да өз орны бар. Еліміздің дипломаттары Күрдістан, Африкадағы даулы аймақтар, БҰҰ миссиялары сияқты жобаларға да қатысып, өз тəжірибесін бөлісіп келеді. 2017 жылы Қазақстан «Бейбітшілік үшін қадамдар» халықаралық конференциясын ұйымдастырып, аймақтық қақтығыстарды шешу мақсатындағы халықаралық диалогтың өрбуіне қолдау көрсетті. Қазақстан халықаралық жанжалдарды дипломатиялық жолмен шешуге арналған келіссөз алаңдарын ұйымдастыруда да маңызды рөл атқарып келеді. Мəселен, Астанада Сириядағы жағдайды реттеу мақсатында өткен халықаралық келіссөздер халықаралық дипломатияда Астана процесі деген атаумен белгілі болды. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның бейтарап əрі теңгерімді саясаты елдің халықаралық диалог алаңы ретіндегі беделін арттыра түсті. Сыртқы саясат тек қауіпсіздікпен шектелмейді, сонымен бірге экономикалық жəне экологиялық ынтымақтастықтың дамуын да қамтамасыз етуге де бағытталады. Бұл тұрғыда Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) арқылы аймақтық сауданы дамытуға үлес қосып келеді. 2023–2025 жылдары еліміз көміртекті бейтарап болу стратегиясын жүзеге асырып, климаттық келісімдерге белсенді қатысты. Қазақстан халықаралық аренада «құқықтық мемлекет, бейтарап делдал» ретінде беделін нығайтуға да бас мəн беруде. Бұл тұрғыда еліміз Астана мен Алматыда халықаралық конференциялар мен саммиттер өткізу арқылы дипломатиялық платформаны дамыта түскенін айрықша атап өту керек. Қазақстанның халықаралық саясаттағы маңызды бастамаларының бірі – ядролық қарусыздану. Еліміз Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылып, жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бастамаларды белсенді түрде қолдап келеді. 1991 жылы ел аумағында орналасқан Семей ядролық сынақ полигоны жабылып, əлемдегі ең ірі ядролық сынақ алаңдарының бірі өз жұмысын тоқтатты. Тəуелсіздік алған кезеңде Қазақстан ядролық қару саны бойынша əлемде төртінші орында тұрған еді. Соған қарамастан, мемлекет ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, əлемдеі бейбітшіліктің сақталуына мүдделілігін танытты. Еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бейбітшілікті қолдау миссияларындағы орны айрықша. Бүгінде Қазақстанның бейтараптығы мемлекеттің Əлемдік дипломатиядағы сенімді делдал ретіндегі позициясын күшейтті. 2020 жылдардағы COVID-19 пандемиясы кезінде де гуманитарлық көмек көрсету, медициналық ресурстарды жеткізу сияқты халықаралық бастамалары елдің жаһандық сипаттағы жауапкершілігін көрсетті. Қазақстанның сыртқы саясаты əлемдік үрдістерге икемді, бірақ бейбітшілік, бітімгершілік, экономикалық жəне экологиялық ынтымақтастық принциптеріне негізделген. Елдің дипломаттары əлемдік қақтығыстарды шешу, гуманитарлық көмек көрсету, экономикалық байланыстарды нығайту арқылы мемлекеттің халықаралық беделін арттырады. Бүгінде тəжірибе көрсеткендей, аймақтық бейтараптық жəне жаһандық бастамаларды қолдау – бұл тұрақтылық пен дамуды нығайтудағы маңызды əрі нəтижелі шара. Тоқетерін айтқанда, Қазақстан сырт қы саясатта теңгерімді жəне прагматикалық бағыт ұстанады. Соның арқасында еліміз əлемнің жетекші мемлекеттерімен жəне халықаралық ұйымдарымен өзара тиімді əріптестік қатынастар орнатты. Бұл бағыт Қазақстанға экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, халықаралық инвестициялар тартуға жəне геосаяси тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Сарапшылардың айтуынша, көпвекторлы дипломатия қазіргі күрделі халықаралық жағдайда ұлттық мүддені қорғаудың тиімді тетігі болып отыр. Сонымен қатар бұл ұстаным Қазақстанның жаһандық сая саттағы жауапты мемлекет ретіндегі рөлін айқындайды.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...