Қазақ тілінің әкімшілік сот ісін жүргізуде қолданылуы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 1 — бабына сәйкес, егер осы Кодексте өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің ережелері қолданылады.
Сот ісін жүргізу тілін белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14-бабында нақты көрсетілген.
Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.
Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы.
Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындау барысында талап қоюшының өз өкілі талап қою берген тілді білмейтіні анықталса, онда сот талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.
Осылайша, арыз сотқа қайсы тілде берілсе, сот істі сол тілде қарауға міндетті.
Әкімшілік рәсімге, әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысушылар сотта ана тілінде немесе өзі білетін тілде сөйлеуге, аудармашының көрсетілетін қызметтерін пайдалануға құқылы.
Сот практикасынан көрінгендей әкімшілік іс бойынша құқықтық көмек беретін адвокаттар мен заңгерлердің талап қоюды көбіне орыс тілінде әзірлейді. Өкілдері талапты сотқа орыс тілінде береді, ал сотқа келген талап қоюшы сот процесі кезінде орыс тілінде ойын еркін жеткізе алмай, қазақ тілінде түсініктеме беруге тілек білдіріп жататынын кездері болады.
АПК-нің 14-бабы 2-бөлігінде көзделген ережелер түсіндірілсе де, көп жағдайда азаматтар сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқықтарын қолданбайды. Сондықтан, кәсіби құқықтық көмек көрсетуші заңгерлер сотқа берілетін арызды талап қоюшының өзі жетік меңгерген тілде әзірлесе деген тілек бар.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Асылхан Абилгазина

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...

Условно-досрочное освобождение

Условно-досрочное освобождение – это прекращение отбывания наказания до истечения...