12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақ тілі — қазақ халқының ана тілі

Тіл- халық тарихымен, бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет өтіп келеді. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық мағынасында республикада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр. Қазақ тілі түркі тілі тобына жатады. Бұл тілдердің ішінде қазақ тіліне ең жақындары – ноғай, татар, қарақалпақ, башқұрт, қырғыз, қарашай-балқар тілдері. Қазір қазақ тілі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі.

Қазақ тілі әрі бай, әрі көркем. Енді Қазақстан оқу орындары оқитын орыс тілді студенттерге өз айтпағым бар. Бұлар жақсы инженер, жақсы геолог, жақсы биолог болуға ұмтылу жолында туған жері Қазақстанды жетік білулері керек.
Қазақ тілі Қазан төңкерісіне дейін тек халықтың ауыз әдебиетінде, тұрмыс және от басында ауызекі тіл дәрежесінде кең қолданылғаны болмаса, оның мемлекеттік тұрғыдан алғандағы қызметі жоқтың қасы болды, баспасөз бетіндегі өрісі де тар болғаны белгілі. ХІХ ғ. 2-жартысы мен ХХ ғ. басындағы көркем әдебиет өкілдерінің аздаған шығармалары болмаса, патшалық Ресейдің отаршылдық заманында мемлекеттік заң, құжаттар қазақ тілінде жазылмайтын.
Қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру туралы мәселе Кеңес өкіметі жылдарында бірнеше рет көтерілгені белгілі. Бірақ бұл мәселе жайында әр кезенде әр түрлі көзқарас болды. 1920 ж. Қазақ АССР-і кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім қабылданды. Оның қазақ тіліне де қатысы бар еді. 1924 ж. Қазақстанның бірінші Конституциясында қазақ және орыс тілдері республикада мемлекеттік тіл болып танылды.
1938 және 1978 жылдары қабылданған Қазақстан Конституцияларында мемлекеттік тіл жайында ашып еш нәрсе айтылмаған.
Тек 1989 ж. қабылданған Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңында, одан кейін Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдарда қабылданған жаңа Конституциясында қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді.
Сонымен бірге Тіл заңында қазақ тілі мемлекеттік қамқорлыққа алынатын атап көрсетілді.Қазақ тілінің мемлекеттік статусқа ие болуының және оның іс жүзіне асуының ең басты кепілі – Қазақстан
Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде өзіндік тіл саясатын жүргізуіне мүмкіндік алуы болып табылады. Тіліміздің
мемлекеттік дәрежеге ие болуы – тәуелсіздігіміздің басты нәтижесі, оны қоғамның рухани жаңаруына, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру талабына сай өмірдің өзі туғызды.
Адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды, түсініседі, пікір алысады, ойын жеткізеді. Тіл болмаса адам өз ойын екінші біреуге жеткізе алмас еді, айта алмас еді, біреудін ойын түсініп, біле алмас та еді. Тіл арқылы оқып, білім аламыз, мамандықты игереміз. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет-ғұрыптары, дәстүрлері, т. б. тіл арқылы жетеді, тіл арқылы кейінгі ұрпаққа жалғасады. Мысалы, ұлы Абайдың әсем де әсерлі, мәнді де мағыналы
шығармаларын тек тіл арқылы оқып білеміз, үйренеміз, ғибрат аламыз. Сондықтан да халқымыз «Өнер алды — қызыл тіл» деп тегін айтпаған.

Тіл — қоғамдық құбылыс. Тек коғам бар жерде, ұжым бар жерде ғана тіл болады. Қоғамнан тыс жерде тіл болмайды, тіл халықпен байланысты, сол халықтың өкілдері арасындағы қатынас құралы болып табылады. Тіл өзі қызмет етіп отырған халықпен, қоғаммен бірге туады, бірге дамиды, өседі, өркендейді, тіпті бірге құриды, өледі.

М.Марибова, Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы

Астанада Саясат Нұрбек студентке ректор грантын табыстады

Астана қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат...

Совместные учения по поиску сбежавших

В учреждении №12 ДУИС по Алматинской и Жетісу областям...

Семей қаласында халықаралық деңгейдегі трансформациялық ойындар фестивалі өтті

Абай облысы, Семей қаласында халықаралық деңгейде ұйымдастырылған трансформациялық ойындарды...

Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандарға қатысты істерді қараудың ерекшеліктері

Кәмелетке толмағандар ісі бойынша сот ісін жүргізу – балалардың...

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа отбасы мен қоршаған ортаның әсері

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс қазіргі қоғамдағы ең өзекті әлеуметтік...