Қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бәсекеге қабылетті мамандар дайындауда алдыңғы орында. Аталған білім ордасында студенттер бакалавриат, магистратура мендокторантура бағдарламалары аясында білім алады. Мысалы, бакалавриатта берілетін білім студенттерді кәсіби қызметке дайындап, тәжірибе жинақтауға, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталса, магистратурада олар алған білімдерін одан әрі жоғарылатып, ғылыми зерттеулерге бет бұрады. Аталған университет магистранттары бұл күнде халықаралық деңгейде тәжірибе жинап, білім-біліктерімен танылуда.  

Бүгінгі таңда университеттегі 562 білім беру бағдарламасының 149-ы бакалавриат, 285-імагистратура, 128-і докторантура. Сонымен қатар, білім ордасында бірнеше жаңа инновациялық бағдарламалар, атап айтқанда, «Жасанды интеллект», «Бағдарламалық инженерия», «Әскери криптология», «Биомедициналық инженерия», «Қолданбалы биофизика», «IT-менеджмент», «Жер сілкіністерінің геологиясы», т.б. іске асырылып, озық білім беру технологиялары үздіксіз енгізілуде. Бұлар өз кезегінде ғылыми-зерттеу саласын кеңейтіп, өзекті ғылыми тақырыптардың талқылануына әсер етуде.

Талантты жастарды ғылымға баулуда ҚазҰУ докторантурасы айрықша маңызға ие. Олай дейтініміз, бүгінде докторантура университеттің білім беру жүйесін дүниежүзілік деңгейге көтеруде. Студенттерге ыңғайлы болуы үшін оқу процесі қашықтықтан да өткізіледі. Мұндай кезде олар электрондық оқу құралдарын пайдаланып, онлайн курстарға қатысады.Университеттің озық елдердің ең мықты жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс істеуі студенттерге орасан мүмкіндіктер беруде. 

Студенттер тек білім алып қана қоймайды, сонымен қатар, олардың ел мен жерге деген сүйіспеншіліктерін, көшбасшылық қабылеттерін дамытуға жағдай жасалған.   Университетте әртүрлі ғылыми үйірмелер мен студенттік клубтар бар. Сондай-ақ, қызықты әрі маңызды тақырыптарда ұйымдастырылатын конференцияларда олар  тың идеяларын жүзеге асырады. ҚазҰУ студенттері оның ішінде магистранттар мен доктаранттар халықаралық жобалар мен қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Мұндай шаралар кәсіби біліктілікті ғана арттырмай, жеке тұлға ретінде дамып қалыптасуға ықпал етеді.

ҚазҰУ тек біздің еліміздің ғана емес, сонымен бірге әлемнің де еңбек нарығына қабылетті мамандар даярлаудың нағыз үлгісін көрсетуде. Олардың ішінде әлемнің әр аумағынан келіп оқып жатқан студенттер де бар. Бұл жоғары оқу орнында талапты жастардың шетелдің үздік оқу орындарында  білім алуына да айрықша көңіл бөлінген. ҚазҰУ құрылғалы бері мықты мамандарымен, ғылыми жаңалықтарымен, т.б. Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірі менэкономикасына өлшеусіз үлес қосып келеді.

Гулия Мұқалдиева,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек

құқығы кафедрасының  қауымдастырылған профессоры

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...