ҚазҰУ-дың заңгер-ғалымдары халыққа құқықтық жол көрсетеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультеті заңгер мамандарды дайындаудың қара шаңырағы. Еліміздегі жоғары лауазымды тұлғалар, білікті басшылар осы білім ордасынан тәлім алып, үлкен өмірден өз жолын тапқан. Осы киелі шаңырақта небір білгір ғалымдардың қызмет етіп, талай талантты шәкіртті қанаттандырғаны көпшілікке мәлім. Ел алдында жүрген заңгерлер қауымы осы ғалымдар жазған оқулықтарды оқып, шеберлігін шыңдап келеді.

ҚазҰУ-дың заңгер-ғалымдары жаңа заңдарды қабылдау, жаңа бастамалар мен реформаларды тəжірибеге енгізу істерінен де шет қалған емес. Енді міне Конституцияның жаңа жобасын түсіндіру барысында да университеттің ғалым-заңгерлері ақпараттық-насихат шараларының бел ортасында жүр. Алдағы өтетін референдумның ел өміріндегі маңызы зор. Қазақстанның бас құжатындағы жаңалықтар қазір қоғам ішінде қызу талқыланып жатыр. Олардың арасында жобаға қатысты жүйелі ойын айтып, нақты ұсыныстарын ортаға салып жатқандар жетерлік. Əрине, заңның ұңғыл-шұңғылын білмейтін, құқықтық құжаттардың қалай дайындалғанынан хабары жоқ азаматтардың сауатын көтеру керек-ақ. Соған орай ҚазҰУ ғалымдары студенттер мен оқытушылар алдында келелі дəрістер өткізуді қолға алып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өзекті сұрақтарға жауап беруде. Бұған қоса заңгер-ғалымдар санаулы уақыт ішінде Конституция жобасына арналған оқу құралын дайындап шығарды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіруге арналған оқу құралы қазақ жəне орыс тілінде жазылған. ҚазҰУ-дың басқарма төрағасы-ректоры, Конституциялық комиссия мүшесі Жансейіт Түймебаев жетекшілік еткен бұл басылымды дайындауға университеттің 28 оқытушы-профессоры қатысқанын айта кеткеніміз жөн. Оқу құралында қолданыстағы Конституция нормалары мен ұсынылған өзгерістер салыстырылып, əрбір түзетудің себебі түсіндірілген. Сонымен қатар оқу құралын дайындаушылар жобаға енгізілген жаңа идеялар мен құндылықтарға назар аударған. Оқу құралын əзірлеушілердің айтуынша, бұл өзгерістердің барлығы азаматтардың құқықтарын қорғауға, мемлекеттілікті нығайтуға жəне елдің одан əрі дамуына бағытталған заманауи əрі орнықты құқықтық негіз болмақ. Қалың көпшілікке жол тартқан бұл басылым азаматтардың құқықтық сауатын көтеріп, Конституцияның мəн-маңызын түсінуге көмектесері хақ.

Бахытжан ҚАЛЫМБЕК, əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң ғылымдарының кандидаты, доцент

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...