12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ-білім мен ғылымның тоғысқан ордасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі жетекші оқу орны, ұлттық ғылым мен руханияттың алтын бесігі. Тоқсан жылдық тарихында ҚазҰУ еліміздің дамуына зор үлес қосқан мыңдаған кәсіби мамандарды даярлап, қоғамның интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келеді. Қазақ елінің білім мен ғылым жолындағы алғашқы іргелі университеті ретінде ҚазҰУ тәуелсіздік жылдарында ұлттық идеология мен инновациялық ойлаудың ұйытқысына айналды. Университет қабырғасынан түлеп ұшқан түлектер бүгінде мемлекеттің барлық саласында табысты еңбек етіп, елдің дамуына елеулі үлес қосуда. Білім мен ғылымның тоғысқан ордасы ҚазҰУ-тек жоғары білім беретін оқу орны ғана емес, ғылыми ізденіс пен жаңашыл ойдың орталығы. Университеттің заманауи кампусы, ғылыми зерттеу орталықтары мен инновациялық зертханалары студенттерге терең білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ҚазҰУ QS World University Rankings халықаралық рейтингінде ТМД елдері арасында алдыңғы қатарда. Бұл- университеттің әлемдік деңгейде мойындалған сапасының айқын дәлелі. Университеттің 20-дан астам факультеті, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, «Al-Farabi University Smart City» атты интеллектуалды экожүйесі бар. Білім беру үдерісі халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіліп, қос диплом бағдарламалары, академиялық ұтқырлық және әлемдік университеттермен әріптестік кеңінен дамыған. Студенттер мен жас ғалымдар үшін шетелдік тағылымдамалар мен ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндігі кеңейіп келеді.

ҚазҰУ-дың Заң факультеті – еліміздің құқықтық мәдениетін қалыптастыруда, заң үстемдігін нығайтуда ерекше орын алатын іргелі оқу-ғылыми орталық. Мұнда құқық саласының жоғары білікті мамандары мен ғалымдары еңбек етеді. Факультет студенттері тек теориялық біліммен шектелмей, студенттік заң клиникасы арқылы азаматтарға тегін заң көмегін көрсетіп, өздерінің кәсіби тәжірибесін дамытады. Бұл жоба қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және болашақ заңгерлердің әділдік пен адамгершілік қағидаттарын бойына сіңіруіне ықпал етеді.Заң факультетінің түлектері сот жүйесінде, прокуратурада, әділет және құқық қорғау органдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен жеке секторда табысты қызмет атқарып жүр. Олар-елдің құқықтық саясатының дамуына үлес қосып жүрген парасатты тұлғалар.

ҚазҰУ-БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруда аймақтық көшбасшылардың бірі. Университет экологиялық мәдениет пен «жасыл экономика» идеясын дамытуға бағытталған ғылыми жобаларды жүзеге асырып, жастар арасында экологиялық сана қалыптастыруға ерекше назар аударады. Су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық құқық, энергия тиімділігі, жасыл технологиялар-осы бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізгі өзегі. Университеттің бұл бастамалары Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуына бағытталған нақты қадам болып табылады. ҚазҰУ 500-ден астам шетелдік университетпен және ғылыми орталықтармен ынтымақтастық орнатқан. Бұл байланыс студенттер мен оқытушыларға халықаралық тәжірибе жинақтауға, әлемдік ғылыми кеңістікке еркін араласуға мүмкіндік береді. Университет қабырғасында жыл сайын халықаралық конференциялар, форумдар мен симпозиумдар өткізіліп, жаһандық деңгейдегі өзекті тақырыптар талқыланады. Бұл-ҚазҰУ-дың халықаралық беделін арттырып, оның әлемдік ғылым мен білім жүйесіндегі орнын нығайта түсуде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-ұлттық ғылымның символы, парасат пен білімнің ордасы. Университеттің басты миссиясы – бәсекеге қабілетті, отансүйгіш, рухани бай тұлғаларды тәрбиелеу. ҚазҰУ – тек білім ошағы емес, ұлттың рухани тірегі, ел дамуының интеллектуалды өзегі.

А.А.Урисбаева

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы

Бармақбаев Нұрбек

Тохтаев Елнұр

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің студенттері