spot_img
spot_img

ҚазҰУ-ұлттық білім мен жаңашылдықтың символы

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы жоғары білім мен ғылымның алтын діңгегі, ұлттық мақтаныш пен интеллектуалды әлеуеттің орталығы. 90 жылға жуық тарихында ҚазҰУ мыңдаған білікті мамандарды тәрбиелеп, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді.ҚазҰУ бүгінде QS World University Rankings халықаралық тізімінде жетекші орынға көтеріліп, Орта Азиядағы ең беделді жоғары оқу орындарының бірі ретінде танылды. Университет заманауи инфрақұрылымға, инновациялық зерттеу орталықтарына және озық білім беру жүйесіне сүйене отырып, ұлттық ғылымның дамуына серпін беріп отыр.ҚазҰУ қабырғасында бүгінде 20-дан астам факультет, ғылыми институттар мен зерттеу орталықтары табысты жұмыс істейді. Университет халықаралық деңгейде мойындалған білім беру бағдарламаларын енгізіп, академиялық ұтқырлық пен қос диплом жүйесін дамыту арқылы жастарға кең мүмкіндік ұсынады.

     ҚазҰУ-дың Заң факультеті еліміздің құқықтық жүйесін қалыптастыруға зор үлес қосқан оқу-ғылыми орталықтардың бірі. Мұнда заң саласының үздік профессорлары мен тәжірибелі мамандар дәріс оқып, студенттерді әділеттілік пен жауапкершілік рухында тәрбиелейді. Факультет студенттері мен оқытушылары академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы шетелде білім алып, халықаралық конференцияларға қатысу мүмкіндігіне ие.Еуропа, АҚШ, және Азия елдерінің үздік университеттерімен әріптестік келісімдер жасалған. Бұл студенттердің әлемдік деңгейдегі білім алып, халықаралық тәжірибемен танысуына жол ашады. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибеге бейімделген мамандар дайындауда жоғары стандарттарға сәйкес келеді.Факультетте бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқыту жүргізіледі. Әсіресе, халықаралық құқық, қылмыстық құқық, азаматтық құқық және мемлекеттік басқару салалары бойынша мамандану мүмкіндігі бар.Оқу үрдісі студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға бағытталған. Факультет базасында заң клиникасы жұмыс істейді, мұнда студенттер халыққа тегін құқықтық кеңес беріп, тәжірибелік дағдыларын дамыта алады. Факультет түлектері мемлекеттік қызметте, сот жүйесінде, адвокатурада және халықаралық ұйымдарда жоғары лауазымдарды атқаруда. Олардың жетістіктері – факультеттің сапалы білім беру жүйесінің айқын дәлелі.

     Университет БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға белсенді қатысып, экологиялық мәдениет пен әлеуметтік жауапкершілікті насихаттайды. ҚазҰУ кампусы – экологиялық тепе-теңдік пен заманауи технология үйлескен ерекше орта.ҚазҰУ әлемнің жетекші университеттерімен 500-ден астам серіктестік орнатқан. Шетелдік профессорлар мен студенттер қатысатын бірлескен жобалар университеттің ғылыми әлеуетін арттырып, жаһандық аренадағы беделін нығайта түсуде.Бұл – тек оқу орны ғана емес, жасампаз ой мен жаңашыл көзқарастың символы. Университеттің басты миссиясы – елдің интеллектуалды капиталы мен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. ҚазҰУ түлектері бүгінде ел дамуының барлық саласында абыроймен еңбек етіп, «Парасатты азамат – парасатты елдің тірегі» қағидасын өмірде іске асырып келеді.

А.А.Урисбаева

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы

Болысбек Нұртас,Күмісбек Әділет

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің студенттері

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әділетті қоғамға бастар жол

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері...

Полиция басшылығы 500-ге тарта жеке қабылдау өткізіп, 1500-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойған

Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау шаралары жүйелі түрде, белгіленген кестеге...

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...