12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚазҰУ – қазақстандық элитаның басты ұстаханасы

Заң талаптарының сақталмауы адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығына, мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіреді. Осы себепті, құқықтық мәдениетті дамыту мен білімді арттыру жоғары деңгейде көңіл бөлуді талап етеді. Бұл тұрғыда заңгерлер қауымына жүктелер міндет зор. 

Заңгерлерді еліміздің көптеген оқу орындары дайындайды. Осы жағынан айтар болсақ, республикамыздың заң саласын өркендетуде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оның ішінде заң факультеті түлектерінің қосқан үлесі ұшан теңіз. Мықты мамандарымен тек университет емес, бүкіл Қазақстан мақтанады. Өз болашағын ел болашағымен байланыстыратын ҚазҰУ-ден түлеп ұшқандар бүгінде мемлекет пен қоғамның барлық саласында, биліктің барлық тармағында табысты еңбек етіп жүр. Заң факультеті республикадағы бірден-бір танымал факультет. Өйткені, түлектер арасынан биік лауазымдарға көтеріліп, қоғамымыздың ең танымал, беделді әрі сыйлы азаматтарына айналғандар жетерлік. 

Заң факультетінің түлегі Қайрат Мәми ҚР Парламенті Сенатының, ҚР Бас прокурорының,ҚР Жоғарғы Сотының, ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды, бүгінде заңгер-ғалым Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы. Тарихқа көз салсақ ҚР Жоғарғы Сотын заң факультетінің бес түлегі Тамас Айтмұхамедов, Қайрат Мәми, Мұсабек Әлімбеков, Бектас Бекназаров, Жақып Асанов басқарып, жоғары деңгейге жеткізіпті. Сонымен қатар түлектер арасынан ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы (Жармахан Тұяқбай), Президент Әкімшілігінің төрағасы (Әсет Исекешов), ҚР Бас прокурорлар (Степан Шуткин, Ғизат Нұрдәулетов, Берік Асылов), ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағалары (Сәт Тоқпақбаев, Ермек Сағымбаев ), ҚР Әділет министрі (Зағипа Валиева, Оңалсын Жұмабеков), ҚР Ішкі істер министрі Қалмұқанбет Қасымов шықты

Университет түлектері жайлы «Біздің элита» энциклопедиясының бірнеше томдығы мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Қайраткерлер қолтаңбасы. Автографы авторитетов», т.б.кітаптар жарық көрді. Оларда  университет түлектерінің ел тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуына қосқан ерен еңбектері жазылған. Түлектер университтен қол үзген емес. Мұндатүлектердің Қауымдастығы бар. Білім ордасында түлектер күнін өткізу дәстүрге айналған. 

ҚазҰУ студенттеріне баға жетпес білім, ғылыми зерттеу тәжірибесін, сондай-ақ, кәсіби өсу жолында бірегей мүмкіндіктер береді. Бұл ел болашағын айқындайтын экономика мен қоғамның түрлі салалары үшін мықты мамандар даярлайтын алаң.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Қазір ғылым мен білімнің заманы. Туған еліміз гүлденсін десек, ең алдымен білім мен ғылым саласына айрықша мән  беріп, дамытуымыз керек». Ғасырға жуық уақыт ішінде іргелі білім ошағына айналған қарашаңырақ – ҚазҰУ өзіндік ерекше дәстүрлері қалыптасқан білікті мамандар ұстаханасы іспетті. Жоғарыда айтқандай, университет барлық жағынан алдыңғы қатарда. 

Гулия Мұқалдиева,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек

құқығы кафедрасының  қауымдастырылған профессоры

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...