12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ» – ОРТАҚ НИЕТ, НАҚТЫ ІС

Елдің басты құндылығы – тәуелсіздігіміз бен тыныштығымызды сақтау аса өзекті мәселе екені сөзсіз. Сондықтан ел қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау қарулы күштер мен құқық қорғау органдарынан аса зор қырағылықты талап ететінін атап өткен жөн. 

Бейбіт күннің бағасын білетін ел қауіпсіздікке ешқашан бейжай қарамайды. Себебі қоғамның тыныштығы – мемлекет тұрақтылығының іргетасы. Ал тыныштықтың тірегі қашан да əділеттілік, заң мен тəртіптің салтанат құруы. Бүгінгі таңда елімізде «Заң жəне тəртіп» қағидатын орнықтыру, құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік таныту, халықтың құқықтық санасын көтеру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл – Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде даму жолындағы маңызды əрі жауапты кезеңі десек артық айтпаспыз. Шымкент қаласында тəртіп сақшыларымен ұйымдастырылып жатқан жедел профилактикалық іс-шаралар – осы бағыттағы кешенді жұмыстың жарқын көрінісі. Құқық қорғау құрылымдарының атқарған істері қоғамда заңға деген сенімді күшейтіп, əділеттілікке деген үмітті сондай-ақ жалпы қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайта түскен. Əлемнің кез келген түкпірінде тіпті елімізге іргелес жатқан мемлекеттерде қарулы қақтығыстар мен тосын оқиғалар жайлаған заманда, бейбіт күнде атыс қаруының көлеңкесінде өмір сүру қауіпті үрдіске айналмауы тиіс. Өйткені, қауіпсіздік қағидалары мен елдегі тұрақтылықтың мызғымас беріктігін қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарынан əсіресе полиция қызметкерлерінен сақадай-сай əзірлікті қажет етеді. Осыны ескерген Шымкент қаласының Полиция департаменті шілде айының 1-10 күндері аралығында «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Бұл бастама атыс қаруын пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың жолын кесу, қарудың заңсыз айналымына шектеу қою, сондай-ақ қару иелерінің заң алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылыпты. – Іс-шара аясында полиция қызметкерлері қала аумағындағы шалғай елді мекендер мен аңшылық аймақтарды жаппай аралап, жалпы саны 5276 азаматтық қару иесін тексерген еді. Жүргізілген рейдтік шаралар барысында олардың қатарында қаруды заңсыз ұстағандар да анықталып 9 дана суық қару тəркіленіп алынды. Сондай-ақ, қару-жарақ түрлерін заң талаптарына сəйкес тіркеп қолданбағаны үшін 128 əкімшілік құқық бұзушылық анықталып, кінəлілер жауапқа тартылды. Тəртіп сақшыларының тергеп-тексеруі барысында қару сақтау жəне алып жүру тəртібін бұзған 3 азамат, тіркеу мерзімін өткізіп алған 20 тұрғын жауапқа тартылды,– дейді Шымкент қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Бағлан Исатаева. Айта кетерлігі, Қазақстан заңнамасына сəйкес, заңсыз қару, оқдəрі немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар, егер басқа құқық бұзушылық белгілері болмаса, қылмыстық немесе əкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Бұл – мемлекеттің заң талаптарын ескерген адамға кеңдік танытып, қоғамға қайта бейімделуге мүмкіндік берілетінін көрсетсе керек. Алайда, заңды өрескел бұзу тек қару-жарақпен ғана емес басқа да толып жатқан заңсыздықтар қоғамда жетіп артылады. Əсіресе, ең көп таралған қылмыстардың бірі ұрлық та қауіпсіздікке жасалған шабуыл десек артық айтпаспыз. Бұл ретте де шымкенттік полицейлердің қырағылығы мен жедел əрекеттері нəтижесіз қалған емес. Шілде айының алғашқы онкүндігінде ғана қаланың бірнеше ауданында пəтер тонаумен айналысқан бес ер адам тəртіп сақшыларының құрығына ілінді. Полицияның мəліметінше күдіктілер терезе арқылы тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, негізінен алтын бұй ы м д а р д ы қ о л д ы қылған. Тек бір айдың ішінде олар онға жуық үйді тонап, жəбірленушілерге 20 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтіргені мəлім болды. Қазіргі уақытта қылмыстық топ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Жауапты органдар ұрланған бұйымдардың бір бөлігін иелеріне қайтарып берді. Бұл – полиция қызметінің нақты əрі нəтижелі жұмысының жемісі. Азаматтардың жеке меншігін қорғау – құқықтық мемлекеттің басты артықшылықтарының бірі. Ол тəртіп сақшыларынан қырағылық пен аса зор жауапкершілікті талап етеді. Ұрлыққа жол бермеу, дер кезінде алдын алу жəне кінəліні жазасыз қалдырмау – əділетті қоғам орнатудағы негізгі талап, – деп толықтырды Бағлан Исатаева. Елімізде қолға алынған «Қауіпсіз қоғам» ұлттық жобасы шеңберінде де Шымкент қаласындағы полиция қызметімен ұйымдастырылып жатқан шаралардың да ауқымы кең. Бұл өз кезегінде шаһардағы қоғамдық тəртіп пен құқықтық мəдениеттің жаңа сатыға көтерілуіне тың серпін берген. Сонымен қатар ұлттық жоба аясында қолға алынған жұмыстар құқық қорғау органдарының қызметін жаңғыртумен қатар, халықпен сенімді байланыс орнатуға, əрбір азаматты қоғамдық қауіпсіздікке ортақ жауапкершілікке тартуға бағытталған бастамаға айналған. Бұл орайда құқық қорғау органдары мен қоғам арасындағы ашық диалогтың ел ішіндегі қауіпсіздіктің басты шарты екені даусыз. Таразы басын тең ұстау үшін тəртіп сақшыларымен осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар сенім мен сыйластыққа негізделген жаңа үлгідегі полиция қызметіне көшуді көздейді. Азаматтардың үнін тыңдайтын, қажеттілігін ескеретін, əділетке сүйенетін полиция бейнесі – бүгінгі күннің басты талабы екені анық. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру жəне азаматтық қоғам құрудағы қоғам үшін ең басты əрі аса маңызды мəселе – заңды білу əрі оның іс жүзінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету екені сөзсіз. Бұл ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың алғашқы баспалдағы. Тек құқықтық сауаты жоғары қоғамда ғана қылмыс аз, тəртіп пен талап берік болмақ. Осы ретте құқық қорғау органдарының ағарту, түсіндіру, алдын алу бағытындағы жұмыстары аса айрықша маңызға ие десек қателеспейміз. Бұл қоғамның құқықтық иммунитетін қалыптастыруға мүмкіндік беретін аса маңызды құрал бола алады. Құқық бұзушылыққа бейжай қарамау, заң бұзғандарға төзімсіз болу – əрбір азаматтың азаматтық борышы екені рас. Құқықтық мəдениет тек заңнан қорқу емес, заңға сену, оны құрметтеу арқылы қалыптасады. Бүгінгі Қазақстан – заң үстемдігін басты құндылық еткен мемлекет. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жалғасып келеді. Шымкент қаласында да осы бағытта өткен жедел іс-шаралар – соның бір жарқын көрінісі. Заңды құрметтеген ел – бейбіт өмірдің бағасын біліп, мемлекеттің болашағының баянды болуын қамтамасыз етпек. Бұл мақсаттың іс жүзінде жүзеге асуы үшін əрбір азамат тəртіп пен əділеттің қалыптасуына үлес қосқанда ғана шын мəніндегі қауіпсіз қоғамды бірге құра аламыз. Яғни заң – қағаз жүзіндегі ереже ғана емес, ел тағдырын айқындайтын темірқазық. Сондықтан заңның салтанат құруы баршамыздың ортақ мұратымыз болып қала бермек…

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ

ҒАСЫРЛАРҒА ЖАЛҒАСҚАН РУХАНИ ӨЗЕК

Қазақ халқы – сан ғасырлық тарихы мен терең руханияты...

 За счет турецких инвестиций

ОЧЕРЕДНЫМ УСПЕШНЫМ ШАГОМ В НОВОЙ ПРОМЫШЛЕННОЙ ПОЛИТИКЕ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ,...

Военный патруль на водоемах 

С НАЧАЛА ЛЕТА УСИЛЕНА РАБОТА МЧС ПО ПРЕДОТВРАЩЕНИЮ НЕСЧАСТНЫХ...

Пожар ликвидирован огнеборцами

В ИЮЛЕ ЭТОГО ГОДА ПОСТУПИЛО СООБЩЕНИЕ О ТОМ, ЧТО...

Политика братства и прагматизма 

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ВИЗИТ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА В ТУРЦИЮ...