ҚАТЕРДIҢ АЛДЫН АЛУ ҚАУIПТI АЗАЙТАДЫ

Көктем келгенде табиғат жанданып, қар еріп, өзендердегі су деңгейі көтеріле бастайды. Бұл кезең – әсем көріністермен қатар, су тасқыны қаупі артатын уақыт. Сондықтан өңірлердің көктемгі кезеңге дайындығы ерекше бақылауға алынады.

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапары барысында Қарағанды облысының көктемгі су тасқыны кезеңіне да йындығын тексерді. Вице-премьер су басу қаупі бар деп Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет жəне Абай аудандарындағы негізгі гидротехникалық құрылыстар мен елді мекендердің жағдайын бағалады. Нұра өзенінің арнасы бойындағы Көкпекті, Байқадам, Петровка, Сарытөбе, Ботақара, Шешенқара ауылдар да қаралды. Сонымен қатар «Байқадам» жəне «Миньковская» су бөгеттері мен Ащысу су қоймасы тексерілді. Шерубай-Нұра өзені бойында Қарашоқы, Бес оба, Ақсу-Аюлы, Қайрақты, Нұраталды, Ақсу жəне Шопа елді мекендерінің жай-күйі қаралды. Красная Поляна ауылындағы қорғаныс бөгеттері де назардан тыс қалған жоқ. Абай ауданында Южный, Құлаайғыр жəне Тасзаемка ауылдары қаралды. Сондай-ақ «Шерубай-Нұра», «Жартас» су қоймалары мен Самарқанд су қоймасы гидроторабы зерделенді. Чкалов ауылындағы қорғаныс бөгеттерінің жағдайы да тексерілді. Қарағанды облысы əкімдігінің мəліметінше, негізгі су тасқынына қарсы іс-шаралар аяқталған. Қазіргі уақытта жұмыстар Теміртау қаласында жалғасуда. Өңірде 25 шақырым қорғаныс дамбалары мен бөгеттер салынды жəне нығайтылды, 28 шақырымнан астам өзен арнасына санация жүргізілді, 21 шақырым дренаж жəне су бұру жүйесі тазартылды. Сонымен бірге 54 автожол учаскесінде су өткізу қабілеті арттырылып, 4 гидротехникалық нысан жөнделді. Шамамен 1 млн 200 мың текше метр қар шығарылған. Қауіпті аймақтар ерекше бақылауда. Облыстың 7 ауданында жəне 4 қаласында су басу қаупі бар 139 елді мекен мен автомобиль жəне теміржолдардың 130 қауіпті учаскесі бақылауға алынған. 217 су шаруашылығы нысаны тұрақты мониторингте тұр. Қазіргі уақытта өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты, негізгі су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Самарқанд жəне Ынтымақ су қоймаларынан санитарлық су жіберу жүргізілуде. «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. ТЖМ аумақтық деңгейдегі хабарландыру жүйесінің дайындығын тексерді. 1 наурыздан бастап төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің барлық күштері мен құралдары жоғары дайындық режиміне көшіріледі. Алдын алу шараларына 3 579 адам мен 1 047 техника бірлігі жұмылдырылған. Көктемгі кезең – табиғатпен қатар, жауапты қызметкерлердің де сыналар шағы. Алдын алу шаралары жүйелі атқарылған жағдайда ғана қауіптің салдары азаяды.

Аружан МАУЛЕНБАЙ, «Заң газеті»

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...