12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қасым-Жомарт Тоқаев букмекерлерге қатысты заңға өзгерістер енгізу туралы құжатқа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, сондай-ақ «Жарнама туралы», «Ойын бизнесі туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі мәселелері және артық заңнамалық реттеуді алып тастау жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Заңға енгізілген түзетулер екі негізгі бағытты қамтиды.

Бірінші бағыт — денсаулық сақтау саласындағы кейбір мәселелерді шешуге арналған. Онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатындағы скринингтер шеңберінде амбулаториялық жағдайда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмектің көлеміне енгізілді. Бұл зерттеулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен шығарылды. Сондай-ақ, мүгедектігі жоқ азаматтарды есту аппараттарымен қамтамасыз етуге байланысты бірқатар мәселелер шешімін тапты.

Екінші бағыт — букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар жарнамасына қатысты. Енді мұндай жарнаманы ұялы байланыс абоненттерінің құрылғыларына таратуға, сондай-ақ онлайн-платформаларда орналастыруға тыйым салынды. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар жарнамасына рұқсат етілген бұқаралық ақпарат құралдарының тізімі қысқарылды – енді мұндай жарнама тек спорттық бағыттағы БАҚ арқылы ғана берілуі мүмкін. Сонымен қатар, бас бостандығын шектеу жазасына немесе шартты түрде сотталған тұлғаларға құмар ойындарға және (немесе) бәстерге қатысуға тыйым салынды.

Заң мәтіні ресми басылымда жарияланады.

Ипотека шарттарының өзгеруі: өңірлерде тұрғын үй бағасы 20%-ға арзандауы мүмкін

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер уақытша ипотека беруді тоқтатып, оның шарттарын қайта қарау және мөлшерлемелерді көтеру жөнінде шешім қабылдады. Тұрғын үй нарығы бойынша сарапшы Александр Пактың пікірінше, несиелеу талаптарының күшеюі әсіресе өңірлерде пәтер бағасының 20-25%-ға дейін төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Президент Үкіметке экономикалық реформаларды жеделдетуді тапсырды

Президент Премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды.

Мәжіліс депутаты қоғамда жалған ілімдер мен курстар кең тарап жатқанын сынады

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым қоғамда жалған ілімдер мен курстар кең тарап жатқанын сынады.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 16, 17, 18 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Доллар бағамы қандай?

15 қазандағы доллар бағамы белгілі болды.