Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық ғалымдарды марапаттады

Президенттің Жарлығымен бір топ ғалым мемлекеттік наградалармен марапатталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым күні қарсаңында бір топ ғалымды елеулі жетістіктері үшін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Атап айтқанда, 4 ғалым «Парасат», 15 адам «Құрмет» орденіне ие болды.

Бұдан бөлек, 6 маманға «Ерен еңбегі үшін» медалі берілсе, тағы 2 ғалымға «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы табыс етілді.

«Парасат» орденімен

  • Есімбекова Минура Ахметқызы – Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС зертханасының меңгерушісі
  • Жантаев Жұмабек Шабденамұлы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ионосфера институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері
  • Қошқаров Серікбай – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ профессоры
  • Яшков Владимир Александрович – Ғылым және жоғары білім министрлігі «С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ қауымдастырылған профессоры;

«Құрмет» орденімен

  • Әділханов Тасболат Алпысбесұлы – Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС бас консультанты
  • Баймұқанов Мирғали Төлеуғалиұлы – «Гидробиология және экология институты» мекемесінің директоры
  • Біләлов Дархан Нұрланұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі
  • Витковская Ирина Сергеевна – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ жетекші ғылыми қызметкері
  • Демченко Георгий Анатольевич – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Генетика және физиология институты» РМК зертханасының меңгерушісі
  • Ершебұлов Зәкір Жаппарұлы – Денсаулық сақтау министрлігі «OtarBioPharm» ЖШС директоры
  • Кәкімжанова Алмагүл Әпсаламқызы – Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС зертханасының меңгерушісі
  • Крупа Елена Григорьевна – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Зоология институты» РМК бас ғылыми қызметкері
  • Күзембайұлы Аманжол – Ғылым және жоғары білім министрлігі «А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ профессоры
  • Қалтаев Айдархан – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі
  • Серікқанов Абай Серікқанұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының вице-президенті
  • Сқақов Мажын Қанапиұлы – Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» РМК бас ғылыми қызметкері
  • Сұраған Дүрбітхан – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі
  • Тоқбергенов Исмайыл Тасанбиұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының бас ғалым хатшысы;
  • Тұрысбеков Ерлан Кеңесбекұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

  • Ахажанова Индира Әлібайқызы – Денсаулық сақтау министрлігі «OtarBioPharm» ЖШС кіші ғылыми қызметкері;
  • Еспембетов Болат Аманбайұлы – Денсаулық сақтау министрлігі «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС зертханасының меңгерушісі;
  • Қабылдин Қосман Маратұлы – Денсаулық сақтау министрлігі «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС хлорлау станциясының операторы;
  • Қондыбаева Аида Мұратқызы – Денсаулық сақтау министрлігі «С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» КеАҚ PhD докторы
  • Сәрсенбекұлы Бауыржан – «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ қауымдастырылған профессоры;
  • Шустов Александр Вячеславович – Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС зертханасының меңгерушісі;

«Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы берілсін

  • Бакенов Жұмабай Бекболатұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі;
  • Жұмабаев Бейбіт Тенелұлы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ионосфера институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...