Қарасайда алғаш рет жамбас буынын қайта алмастыру бойынша жоғары технологиялық ота жасалды

Алматы облысының тұрғыны 1957 жылы туған. Науқас Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасына жоспарлы түрде портал арқылы келген. Ер адамға сол жақ жамбас буынына 2023 жылы өзге клиникалардың бірінде жасалған тотальді эндопротездеуден кейін, орнынан тайған сол жақ ортан жіліктің жоғарғы бөлігінің жабық перипротездік сынығы диагнозы қойылды. Бұған қоса, бұрын орнатылған эндопротездің ортан жілік компонентінің тұрақсыздығы анықталды.
Қарасай аудандық ауруханасында алғаш рет осындай күрделі ревизиялық операция жасалды: бұрын орнатылған эндопротез алынып тасталып, қайта протездеуге арналған жаңа ревизиялық эндопротез орнатылды. Мұндай араласулар жоғары технологиялық медициналық көмек түріне жатады және хирургтардың жоғары біліктілігін, арнайы жабдықты қажет етеді.
Айта кетерлігі, отадан кейінгі келесі күні-ақ науқас жүріп-тұруға арналған құрылғының (ходунок) көмегімен өздігінен қозғала алды. Бұл хирургиялық және оңалту жұмыстарының дұрыс жүргізілгенін көрсетеді.
Ем мен операция Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қоры есебінен жүргізілді. Бұл отаның жалпы құны — 2 328 438 теңге.
Науқас жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, денсаулығы жақсарған күйде ауруханадан шығарылды. Оған әрі қарай қалпына келу мен бақылауға алу бойынша ұсыныстар берілді.

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...